Айтулы шара

21.08.2015 Астана қаласында астаналық педагог қызметкерлердің «Білімнің мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдар» тамыз кеңесі өтті

Астанада Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен астаналық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі өтті. Жыл сайынғы жиналысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚР Парламенті және қалалық мәслихаттың депутаттары, ҚР БҒМ өкілдері, басшылар мен оқытушылар, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты. Жиналыстың негізгі тақырыбы білім мазмұнын жаңарту болды.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов өз сөзінде қазақстандық мектептердегі алдағы реформалар туралы айтты. Министрлік мектептегі білім беруді түбегейлі жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда және 30 пилоттық мектепте білім беру мазмұнын жаңарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратуды бастайды. «Біз «жай білетін адамнан» – «шығармашылықпен ойлауға, өзін-өзі дамытуға қабілетті адамға» айналамыз. Білім мазмұнын жаңарту - бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнын шолу, оқыту әдістерін қайта қарау. «Оқытушыға ойлау инерциясын жеңу керек болады, өзіне де оқушымен бірге оқу, оқушының қабылдауын өзгерту, авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа оқытуға көшу керек болады, - деді министр.

Біртіндеп 6-7 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі дайындығы бастауыш білім деңгейіне қосылады, және 12 - жылдық білім берудің құрылымы «1+11» схемасымен ашылады. Бұл жылы «Дүние тану» пәнінің - жалпы-гуманитарлық ғылымдардың кіріспе курсының мазмұны өзгертілді; жаңа пән «Жаратылыстану» (1-4 сыныпқа) енгізілді; 3-ші сыныптан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні енгізіледі. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілін, ағылшын тілін деңгейлік оқыту 1-ші сыныптан басталады. Оқу үрдісін технологияландыру үшін ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі жасалынған, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудан құтқаратындықтан, бұл оқытушылардың жүктемесін күрт азайтуға мүмкіндік береді. Пилоттық мектептердің бірінші сыныптары бес күн оқитын болады.

Негізгі орта білім стандартының ерекшелігі базалық білімді аяқтауға бағытталған. Оқу үрдісіне зерттеу дағдысы негізін салатын және 7-ші сыныптарда «Биология», «Физика», «Химия» және «Географияны» бір уақытта оқытуға кіріспе курсы болып табылатын - «Ғылымға енгізу» (5-6 сыныптар) жаңа пәні қосылған. 5-ші сыныптан бастап «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихын» қатарлас оқыту басталады. «Алгебра» мен «Геометрияны» қосатын «Математиканың» біріктірілген пәні енгізіледі. Апробация шеңберінде дене шынықтыру бойынша нормативтер жойылған.

Жоғарғы сыныптарда міндетті пәндердің тізімін қысқарту және оқушыға дисциплина таңдау құқығын жоғарғы көлемде ұсыну жоспарлануда. Жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы әр түрлі мектептер үшін тереңдетілген деңгейдегі 3 міндетті пән және стандарттық деңгейдегі 4 міндетті пән енгізілетін болады. «Ғаламдық келешек және жобалық жұмыс» - жаңа дисциплинасы пайда болады. Үш тілде оқыту моделі енгізілетін болады. «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «География» пәндері қазақ тілінде оқытылатын болады. «Дүниежүзі тарихы» оқытылатын тіліне қарамастан барлық мектептерде орыс тілінде оқытылатын болады, «Информатика», «Физика», «Химия» және «Биология» - ағылшын тілінде. 2015-2016 оқу жылдарында «Мәңгілік ел» құндылықтарын оқыту басталады. Сонымен қатар баллдық жүйемен есептелетін «жетті» және «ұмтылу» атты - екі бағдарды қамтитын критериалдық бағалау жүйесін әзірледі. 10-11 сынып оқушыларына мектептер арасындағы бәсекелестікті іске асыру үшін Қарағады және Түркістан қалаларында 63 пилоттық мектептер жан басына қаржыландыруды қабылдауды жалғастырып жатыр. Білім мазмұнын жаңарту ЖОО мен колледждерде де ұстаздарды дайындау бағдарламасында жоспарланған.

2016-2017 оқу жылдарында республиканың барлық бірінші сыныптары жаңартылған мазмұнға көшеді. Апробация екінші сыныптан жалғасып бсіншііден басталады. 2017-2018 оқу жылында жаңартылған мазмұнға екінші сыныптар жаппай көшеді, қайта құру үшінші және алтыншы сыныптарда жалғасады, және осы іске 10-сыныптар да енеді.

Жиын соңыда министр Аслан Сәрінжіпов танымал педагогтарды «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапаттады, қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жемісті жұмыс, шығармашылық табыс және игілікті оқушылар болуын тіледі.

Дереккөзі: edu.gov.kz

2672
Қатысушылар
Қатысу