Айтулы шара

18.08.2015 Қызылорда облысында мұғалімдердің жыл сайынғы тамыз конференциясы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың және облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті

Мұғалімдердің отырысында алғаш рет аудандардың тұрғындарымен селекторлық кері байланыс ұйымдастырылды, олар министрге онлайн режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Аслан Сәрінжіпов: «Қызылорда өз жетістіктерімен қуантады» -деп, аймақтың білім саласына жоғары баға берді және Қызылорда облысындағы әріптестердің жұмысына табыс тіледі. Осылай, республикамызда 25 жасқа дейінгі жас кадрлардың үлесі 11 пайызды құрайды, ал Қызылорда облысында - 16. Енді ғылыми дәрежесі бар магистр оқытушылардың санын арттыру қажет.

Конференция барысында, бірқатар мұғалімдер «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» ҚР БҒМ төс белгісімен; облыс әкімінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Арнайы марапат № 9 қазақ-түрік лицейіне бұйырды. Халықаралық жарыстардағы көптеген жеңістері және тұрақты жоғары көрсеткіштеріне орай лицей ұжымы 17 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды.

Дереккөзі: edu.gov.kz

2586
Қатысушылар
Қатысу