Айтулы шара

10.07.2015 Thomson Reuters редакторларға арналған ақпарат күнін өткізді

Бүгін «ҰҒТАО» АҚ Thomson Reuters компаниясымен бірлесіп «Thomson Reuters-тың редакторларға арналған ақпарат күні. Web of Science: ғылыми журналдардың халықаралық стандарттары» деген атпен ғылыми журнал редакторларына арналған семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – Web of Science Core Collection мәліметтер базасына енгізілетін журналдар туралы жан-жақты ақпарат беру.


Семинардың бірінші бөлігі Web of Science-қа қабылданатын ғылыми журналдарды бағалауға арналды. Сонымен қатар Web of Science платформасының жалпы сипаттамасы және негізгі әдістемелік қағидаттары, индекстелетін журналдарды іріктеу құрылымы, журналды бағалау критерийлері сынды өзекті тақырыптар сөз болды. Семинарға қатысушы ғалымдар Web of Science Сore Сollection базасында индекстелетін журналдарды қалай анықтауға болатындығын көрді.
Семинардың екінші бөлігі Journal Citation Reports мәліметтер базасына арналды. Web of Science платформасында пайда болған Web of Science New Edition жаңа ресурс туралы ақпарат алып, қалай пайдалану қажеттігін үйренді. Ғылыми сілтеменің аймақтық мәліметтер базасы ұғымымен танысқан редактор ғалымдар қосымша сұрақтар қою арқылы көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Бұл ретте Thomson Reuters компаниясының өкілдері әрбір қатысушының сауалына жанжақты ыждаһаттылықпен жауап беріп, семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Семинар будут проводить представители компании Thomson Reuters.

"ҰҒТАО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2494
Қатысушылар
Қатысу