Айтулы шара

25.06.2015 KISTI «ҰҒТАО» АҚ-ымен байланысты кеңейтуге мүдделі

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтының (KISTI) делегациясы қонақта болып, екі жақты байланыс мәселелерін талқылады. Делегацияны KISTI президенті Hahn Sun-Hwa бастап келгенін айта кетуіміз керек. Өз кезегінде «ҰҒТАО» АҚ вице-президенті Лейла Абубакирова орталықтың жұмысы жайында баяндап, кореялық әріптестерімен пікір алмасты.
Елімізге арнайы келген мәртебелі меймандар алдағы уақытта Қазақстанның ғылыми мекемелерімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендерін жеткізді.


– Біздің институт ҚР Білім және ғылыми министрлігімен тығыз әріптестік ынтымақтастық негізінде жұмыс істеп келеді. 2015 жылдан бері Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы технологияны трансформациялау ісіне өз үлесімізді қосудамыз. Бүгінде Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы және Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен байланыс орнаттық. Алдағы уақытта «ҰҒТАО» АҚ-мен де ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделіміз. Біздің институт ғылыми-техникалық ақпараттарды қалыптастыру, жинақаталған ғылыми ақпараттарды сараптау ісімен жан-жақты айлысады. Бұдан басқа шағын және орта бизнесті өркендетуге қатысты ғылыми жобаларды іске асыруға да өз үлесімізді қосып келеміз. Осы тұрғыдан алған «ҰҒТАО» АҚ-ы мен KISTI бір бағытта жұмыс істейтінін байқауға болады. Сондықтан сіздермен байланыс орнатудың маңызы зор екенін түсіндік, – деді Hahn Sun-Hwa.


Басқосу барсында мәртебелі меймандар Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты 50 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты. Қазіргі таңда аталымыщ институттың Оңтүстік Кореяның барлық аймағында филиалдары жұмыс істейді. Ұйымның жылдың бюджеті 129 млн. долларды құрайды екен. Қонақтар бұл қаржының 70 пайызы мемлекет тарапынан субсидия ретінде бөлінсе, қалған 30 пайызын ғылыми мекеме өздерінің коммерциялық жобаларынан табатындарын айтты. Осылайша 557 адам еңбек ететін институт Оңтүстік Кореяның ғылыми-техникалық ақпараттық жүйесін қалыптастырып отыр. Бұдан кейін екі жақтың қызметкерлері қай бағытта ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын талқылады.

Нұрлан Жұмаханов, "ҰҒТАО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

2589
Қатысушылар
Қатысу