Айтулы шара

24.04.2015 Thomson Reuters сенімді серіктес

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да Thomson Reuters компаниясының Ресей және ТМД елдері бойынша басқарушы директоры Петр Марчевски мырза «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраевпен кездесіп, екі жақты байланысты кеңейту мәселесін талқылады.
Қазіргі таңда «ҰҒТАО» АҚ-ы ТМД елдері арасында әлемдік ғылыми ақпараттық ресурсты реттеп, сараптайтын бірден-бір ғылыми мекемеге айналып отыр. Кездесу барысында сөз алған «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев бүгінде орталық ғылыми-техникалық бағдарламалар қорын жасақтау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялау жұмыстарын реттеу, еліміз бойынша қорғалған диссертациялық жұмыстарды жинақтау, отандық ғалымдар мен білікті мамандардың ғылыми мақалаларына сараптамалық өңдеу жұмыстарын жүргізетінін айтып берді. Өз кезегінде Петр Марчевски мырза Thomson Reuters комапниясы дүниежүзінде табысты жұмыс істеп келе жатқандарын тілге тиек етті.
– Қазір Thomson Reuters компаниясының жұмыс істеу ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Компаниямыз тек қана ғылыми ақпараттар әлем елдеріне жеткізу ісімен ғана айналысып жатқан жоқ. Сонымен қатар біздің Reuters ақпарттық агенттігіміз күнделікті ақпарат таратуда үлкен жетістіктерге жетіп, дүниежүзіне танылғанын білесіздер. Соңғы уақыттары Thomson Reuters компаниясы қаржы саласында да табысты жұмыс істей бастады. Бүгінде біздер Қазақстанның жетекші қаржы институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатып үлгердік. Алдағы уақытта осы байланыстарымызды кеңейте түсуге мүдделіміз, – деп ойын ортаға салды. Мәртебелі мейманның ой-пікірін мұқият тыдаған орталық басшысы Әділ Ыбыраев Қазақстан ғылымын дамытудағы Thomson Reuters компаниясының әсер, ықпалы жайында сөз қозғады.


– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми мәліметтер қорын еркін пайдалануына барынша жағдай жасап келеді. Біздер Қазақстан мен Thomson Reuters компаниясының арасындағы байланыс қазақ ғылымның көкжиегін кеңейе түскенін қалаймыз. Бүгінде қазақ ғалымдары өздерінің ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарын ел ішінде патенттеуде. Таяуда Thomson Reuters компаниясының патенттік базасын қарағанымызда Қазақстаннан бар болғаны 18 патент тіркелгенін байқадық. Шындығында Қазақстанда жыл сайын жүздеген патент тіркеледі. Алдағы уақытта қазақстандық ғалымдардың патенттерін Thomson Reuters компаниясының базасына көптеп енгізуде бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз. Орталық бұл бағытта маңызды жұмыстарды қолға алып, арнайы патентке ие ғалымдардың басын қосып, олардың ой еңбегін іске асыратын инвесторларды іздестіріп жатқан жаймыз бар. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызға Орталық Азия елдерінің ғалымдарын да тартуды көздеп отырған жайымыз бар. Бұл бағытта сіздердің Қазақстандағы өкілдеріңізбен тізе қосып жұмыс істеуге дайынбыз, – деді. Осылайша тараптар екі жақты байланыстың маңызды бағыттарын сөз етті. Thomson Reuters компаниясының басқарушы директоры Петр Марчевски арнайы жұмысшы тобын құрып маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдір.
«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

2412
Қатысушылар
Қатысу