Айтулы шара

08.04.2015 Экономикалық әріптестік ұйымы президентімен кездесу өтті

«ҰҒТАО» АҚ-да экономикалық әріптестік Ұйымы Ғылыми қорының президенті Манзур Хусейн Сумромен кездесу болып өтті. Кездесу барысында Таяу Шығыс елдерімен әріптестік мәселелері сөз болды. Доктор Сумро елімізге ҚР Білім және ғылым министрлігінің шақыртуымен келіп отыр және осы сапар барысында бірнеше ғылыми ұйымдарды аралап, жұмыстарымен таныспақшы.
Профессор, доктор Манзур Сумроның ғылым жолында жасаған еңбектері ұшан-теңіз. Өзінің докторлық дәрежесін 1987 жылы Ұлыбританиядағы University of Reading деп аталатын оқу орнында өсімдіктерді сақтау бойынша қорғап шығады. Доктор Сумро 30 жылдан астам зерттеуші, оқытушы, ғылыми жетекші ретінде қызмет атқарып келеді. Ол алғаш рет картоп пен бананның вирустарына алғаш рет диагностика жасайды. Пәкстан елінде профессор Сумроның кітаптары жоғары оқу орындарында кеңінен оқытылады, өзге елдерде де үлкен сұранысқа ие.
«ҰҒТАО» АҚ-да өткен кездесу аймақтық және ғаламдық дәрежедегі әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасу алаңына айналды. Экономикалық әріптестік ұйымы аймағы біздің еліміз үшін сауда-экономикалық және ғылыми-мәдени әріптестікті жандандыруға үлкен мүмкіндік береді. Бұл болашақта бірлесе атқаратын жұмыстардың басы деп білеміз.

Қоғаммен байланыс қызметі

2385
Қатысушылар
Қатысу