Айтулы шара

01.04.2015 ҚазАТУ ғалымдары Бүкілресейлік стартап-турдың аймақтық турының жеңімпазы атанды

Алматыда 19-20 наурызда өткен Бүкілресейлік стартап-турдың аймақтық турының «Биомедициналық технологиялар» бағыты бойынша жеңімпаз деп танылған С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғалымдары Р.Б.Ускенов және Е.В.Кухар толағай табыстарымен құттықтаймыз.

Аймақтық тур барысында «Сүтті малды геномдық бағалау» жобасы, жоба жетекшісі – а.ш.ғ.к., доцент Ускенов Рашит Бақытжанұлы I-ші орынға ие болса, II-ші орынды «Химкаст препаратын өндіру» жобасы, жоба жетекшісі - б.ғ.д., доцент, Кухар Елена Владимировна иеленді!

Стартап-тур - жоғары технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында перспективалық инновациялық жобаларды іздеу мен бастаушы стартап-командалардың құзыретін дамыту мақсатында ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі жоба.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі А.О. Исекешевтің қолдауымен Almaty Tech Garden, «Сколково» қорының және Ресей Федерациясының басқа да институттарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Жеңімпаздар 2015 жылы 2-3 маусымда Мәскеу қаласында өтетін Startup Village 2015 қатысуға шақырылды.

Дереккөзі: kazatu.kz

2307
Қатысушылар
Қатысу