КіруТіркелуЖоба туралы ФорумFAQБайланыс
  
Ұлттық ғылыми порталға қош келдіңіздер!
Бұл жерде қазақстандық ғылымның
жағдайы мен оның соңғы оқиғалары туралы ақпараттар ұсынылған.
Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
EXPO-2017
"Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алудың ұлы мүмкіндігі..."
Н.Ә. Назарбаев
Әлемдік ақпараттық ресурстарға шығу мүмкіндігі:
Thomson Reuters, Elsevier, Science
eLIBRARY.RU және басқалары.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
"Біздің жастарымыздың оқуы, жаңа білімдерді меңгеруі, ең соңғы дағдыларды игеріп,
білім мен технологияларды күнделікті өмірде іскерлікпен және тиімді қолдануы қажет".
Н.Ә. Назарбаев
– Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
 
Видео заседаний и интервью председателей ННС
Қазақстанның
интерактивті картасы
Ғылыми жаңалықтар
14.05.2020  Жас ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияны әзірлеуді көздеп отыр


Шығыс Қазақстанда ғылымға көп көңіл бөлінуде. Бір ғана Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) жас ғалымдарға арналған бірнеше грантты жеңіп алды.



Алдын ала жүргізілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың шешімімен 125 ғылыми жобаның ішінен ғылымның «Өмір туралы ғылым және денсаулық» басым бағыты бойынша дәл осы жоғары оқу орнының жобасы жоғары бағаланған болатын. Ол С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасындағы (ҰҚҰҒЗ) Биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының жобасы.

• Зертхана машина жасау, энергетика, ауылшаруашылық өндірісі, химиялық және қайта өндіру өнеркәсібі үшін инновациялық технологияларды дамыту, сондай-ақ ғылымның түрлі бағытында: материалтану, физика, химия, экология және биология салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін арналған ұжымдық қолданыстағы ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
• ҰҚҰҒЗ-ның негізгі мақсаты – ғылым мен техниканың дамуы үшін ғылыми-зерттеу, технологиялық және инженерлік инфрақұрылымды құру, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдарға ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды атқаруға зертхана қондырғыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Зертхана меңгерушісі, PhD докторы Максим Сутуланың жетекшілігімен ұсынылған жоба келешекте ауыл шаруашылығы саласына өзіндік үлесін қосады деп сенеміз. Себебі, ғалымдар ауылшаруашылық дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы төзімділікті қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық технологияны әзірлеу және енгізуге байланысты тақырыпты зерттеуде.


– Бұл ғылыми зерттеу молекулалық биология мен биотехнологияның жаңа әдістерін қолдана отырып, ауылшаруашылық дақылдардың кез келген вирустық инфекцияларына төтеп беруіне мүмкіндік береді. Басқаша түсіндірер болсам, бұл дегеніңіз вирустық ДНҚ мен РНҚ-ны тану және жою үшін табиғи қорғаныс механизмдерін бағдарламалау болып табылады. Бір қызығы, осы РНҚ технологиясын өсімдіктерге ғана емес, сонымен қатар жануарларға да, тіпті адамдарға да қолдануға болады. Коронавирустық пандемияға қатысты соңғы оқиғаларға байланысты біздің зерттеулеріміз өте маңызды, өйткені олар коронавирустық инфекцияны емдеу және оның алдын-алу бойынша бірқатар күрделі мәселелерді шеше алады, – дейді Максим Сутула.
Алдына үлкен мақсат қойған ғалымға және оның ұжымына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта осы жобаның жемісті нәтижесін күтетін боламыз.

Қоғаммен байланыс бөлімі

464
«« | »» « Арттқа | Барлық материалдар
Соңғы жаңалықтар
10.06.2020 Индира Бейшова: Біздің зерттеулеріміз отандық ет бағытындағы ірі қара малдардың еттілігін, тұқымдық артықшылығын, сандық, сапалық белгілерін генетикалық маркерлеу негізінде ерекшеленеді
01.06.2020 Ерасыл Ерланұлы: Қазақстанда біздің топ қана наноқабырғаларды алумен және зерттеумен айналысады
20.05.2020 Досан Байгереев: Бұл жоба мұнай шығаратын өнеркәсіпте қолданбалы маңызы зор сүзу мәселелерін шешудің әдістерін жасауға бағытталған
Түсініктеме қалдыру үшін, сайтқа авторизациядан өту керек
050026, Алматы, ул. Богенбай батыра, 221
Тел: 8 (727) 378 0509
E-mail: dir@inti.kz
      Все права защищены
©ННП 2013 - 2019