Коллекция трудов казахстанских ученых

Хризотил – асбест шаңы әсерінің гигиеналық аспектілері (Әдебиетті шолу).
Тематика: 

УДК 616-057:622.874

Түйін сөздер: хризотил – асбест өндірісі, өндірістік шаң, өндірістік орта, кәсіптік сырқаттанушылық.

Асбестті пайдалану проблемасы – аса өткір әлемдік проблема. Ол көп жыл бойы талқылануда және ең алдымен медициналық проблема болса да, соңғы кезде экономикалық және саяси сипатты болып саналады [1].

Асбест – (грек тілінен өшпейтін, бұзылмайтын) ол талшықты силикатты минералдар тобы. Бұл топ асбестқұрамды заттардың жоғары техникалық қасиеттеріне ие: жоғары төзімділік, серпімділік, отқа төзгіштік. Асбест 2 негізгі топқа бөлінеді: хризотилды асбест және амфиболды асбест.

Хризотил рудаларын кен байыту комбинаттарында алу ашық тәсілмен жүргізіледі. Руданың негізгі бөлігі (қатардағы хризотил – асбест рудалары) карьерлерде (рудниктарда) алдын – ала байытусыз механизацияланған тәсілмен алынады. Қатарлы рудаларды алудағы негізгі мамандықтарға бұрғылау станоктарының машинисттері, олардың көмекшілері, жарушылар, экскаватор машинисттері мен электровоз машинисттері жатады. Гигиеналық зерттеулер көрсеткендей, жұмыс аймағы ауасындағы шаң бөлшектерінің концентрациясы шектеліп рұқсат етілген концентрациядан ШРЕК 1,8 есе жоғары болған. Ұсақтау учаскесіндегі ауаның шаңдануы 4,5 және 5,4 мг/м3 жетіп, ШРЕК – дан сәйкесінше 1,1 және 1,4 есе жоғары болған [2].
Хризотил – асбест рудаларын байыту үрдісі механизацияланған және оның биологиялық қасиеттеріне әсер етпейді [3, 4].
Цемент және асбест өндірістері атмосфераға ластандырғыш заттарды бөлудің негізгі көзі болып табылады [5].

Асбест – денсаулық проблемасын зерттеудің 100 – жылдық тарихында шартты түрде үш негізгі сатыларға бөлінеді. Бірінші сатысы – 1899 жылдан, ол кезде асбестті байытумен айналысатын жұмыскерлерде тері мен көру мүшелерінің кәсіптік зақымдалулары байқалған; екінші сатысы – 1923 – 1941 ж. ж., ол біріншілік фактологиялық материалдың жиналуымен және зерттеулердің бағыттауымен сипатталады; үшінші сатысы 1946 ж. бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт, яғни еңбек жағдайы мен асбест өндірісіндегі жұмыскерлердің денсаулығына әсерін белсенді зерттеу сатысы [6].

Асбест кен орындары, әдетте, өзіне өлшемі мен пішіні әртүрлі минералдарды, асбестті емес породалардың блоктарын, ал бірқатар жағдайларда тұйық рудалардың геохимиялық ареолдары мен полиметалл рудалары минералдануының тарқатылған аймақтарын біріктіреді. Кен орнын құрайтын породалар әртүрлі макро және микро қосындылардан тұрады. Асбестті алу табиғи эколого – геологиялық жүйелердің бастапқы күйінің және зиянды химиялық заттардың антропогенді көздерінің бұзылуымен бірге жүреді. Элементтердің бұл көздерден миграциялануының нәтижесінде, алу мен байыту үрдісі кезінде асбест түрлі металлдармен, металлоидтармен және т.б. ластанады.

Асбестті балласт темір жолдардың жер жабындылары үшін кеңінен қолданылады [7]. Осының барлығы темір жол бойындағы тұрғындарға, жұмыскерлер мен темір жол транспорты пассажирлеріне антропогенді жүктеменің жоғарылауын туғызады [8].
Асбесттің зиянды әсерімен байланысты Еуропа мен әлемде, оны пайдалануға тыйым салуға бағытталған шаралар жалғасуда, бірақ қазіргі кезде асбесттің қасиеттеріне ие альтернативті талшықты алмастырғыштары жоқ. Көптеген эпидемиологиялық және эксперименталды зерттеулер көрсеткендей, жасанды минералды талшықтар биологиялық инертті болып саналмайды, сонымен бірге асбесттің механизміне ұқсас әсерге ие [9].

Оған қоса №162 Халықаралық еңбек мекемесінің «Асбестті қауіпсіз пайдалану» Халықаралық Конвенциясын атап өткен жөн [10].
Қазақстан Республикасы Қостанай облысында хризотил – асбесттің Жітіқара кен орны жұмыс жасайды. Кен орнының өндірістік өңдеуін «Қостанай минералдары» ААҚ жүргізеді. Асбестті алудың технологиялық үрдісі екі негізгі сатыдан тұрады: хризотил – асбестті алу мен байыту.

Руданы алу кешенді механизацияланған тәсілмен жүргізіледі және станокты бұрғылау көмегімен скважинаны бұрғылаудан басталады. Одан соң дайын скважинаны жару жүргізіледі. Жарылған кен массасы экскаваторлар арқылы самосвалдарға тиеліп жүктеу базаларына шығарылады. Ол жерде руданы немесе бос породаны вагон думпкарларына тиеп, байыту фабрикаларына, не болмаса бос породалар жиындыларына тасымалдайды. «Қостанай минералдары» ААҚ – нда хризотил – асбестті алу бойынша барлақ технологиялық операциялар асбестқұрамды аэрозолдер дезинтеграциясының жоғарыдисперсті генерациямен бірге жүреді [11, 12].

Сонымен бірге мемлекетте асбоцемент құрамдарының Шымкент өндірісі жұмыс істейді [13]. Ондағы өндірістік шаң концентрациясы бойынша пішіндеу мен аппаратты цех ауасында гигиеналық нормативтерден 2,15 - 2,7 есе жоғарлайды [14].
Ресей аумағында 9 асбоцементті зауыттар жұмыс жасайды, онда 11000 жұмыскер еңбек етеді. Бұл зауыттар жыл сайын 50 мың т. хризотил – асбест пайдаланады. Асботекстильді және асботехникалық өнімдерді дайындау үрдісі жұмыскерлерге зиянды өндірістік факторлар кешенінің әсерімен бірге жүреді. Ол кездегі зиянды факторлардың біріне хризотилқұрамды шаң жатады. Оны жұту өкпенің асбестті аурулардың дамуымен қоса жүреді [15].

Ресейде ең алдыңғы қатардағы болып асбокартон өнімдерінің Белояр фабрикасы мен Баженді кен орны саналады [16, 17].
Асбоцементті материалдар мен өнімдердің кең таралуы қоршаған ортаның асбест талшықтарымен ластануы мен тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсерін қарастыруы мүмкін. Батыс Еуропа мен АҚШ – тағы жүргізілген зерттеулер, асбоцементті жабын материалдар беткейінің климаттық факторлар мен қышқыл газ әсерінен деструкциясы нәтижесінде тұрғын аймақ атмосфера ауасының ластанатынын көрсеткен [18].

Еңбек жағдайына жағымсыз әсердің жоғарлауы нәтижесінде жұмыскерлердің жалпы аурушаңдығы жоғарлайды, оның ішінде бронхоөкпелік, неврологиялық, онкологиялық және т.б. [19].

Асбесттің қазіргі уақыттағы өндірісі жағдайында бронхоөкпе жүйесінің кәсіптік аурулары проблемасы маңызды болып қалады. Кәсіптік патология құрылымындағы жетекші орынды тыныс алу мүшелерінің аурулары жатады. Оның ішіндегі ең кең тарағандары асбестоз, кәсіптік шаңды бронхит, субатрофиялық фарингит және созылмалы шаңды бронхит [20]. Асбесттің тыныс алу мүшелеріне әсері кезінде асбестті фиброз – асбестоз бен плевраның әртүрлі дәрежедегі зақымдалулары жатады. Кәсіптік аурушаңдық құрылымында асбестозға ерекше орын бөлінеді [21].

Бірқатар ресейлік авторлардың ойынша, шаң факторының әсері, шаңды жүктеменің жоғарлауымен байланыстылығы сөзсіз, ол өз кезегінде ауадағы шаң концентрациясымен ғана емес, шаңмен қатынастың ұзақтығымен, тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне байланысты. Соңғысы жұмыстың ауырлығы мен жұмыс орнындағы микроклимат жағдайына байланысты [22].

Осының нәтижесінде шаң жүктемесінің дозалық бағалауын кешенді негіздеу қажет. Оның әсеріне, жұмыс пен микроклимат жағдайының ұзықтығы мен ауырлығы есепке алына отырып, асбоцемент өндірісінің жұмыскерлері ұшырайды [23].

Тыныс алу биомеханикасын электронды спирометрия әдісімен терең зерттеу, қандағы альвеоломуцин деңгейінің жоғарлауы анықталған жұмыскерлерде рестриктивті синдромның даму тенденциясын анық байқалғанын анықтаған. Асбестті зауыт жұмыскерлерін зерттеу нәтижесінде, 2 адамда асбестоз, 8 адамда хризотил фиброздың бастапқы рентгенологиялық белгілері, 25 адамда – интерстициальді фиброз өкпесі белсенділігінің альвеоломуцин деңгейінің 3ЕG5 маркері анықталған [24].
Өндірістік шаң қазіргі уақыттағы өнеркәсіп жағдайында респираторлы тракт пен жоғары тыныс жолдарына әсер етеді. Мүрын, жұтқыншақ, кеңірдек пне бронхтар шырышты қабатының арасында тығыз морфофункционалдық қатынас бар екенін ескере отырып, жоғарғы және төменгі тыныс жолдары ауруларының кәсіптік патогенезі бірдей екенін айтуға болады. Өндірістік шаң мукоцилиарлы клиренстің бұзылуына әкеледі. Ол шаңның респираторла жүйенің тереңдеген бөліктеріне енуіне ықпал жасайды және кәсіптік патологияның дамуына әкеледі [25].

Хризотилқұрамды шаң әсеріне ұшырайтын жұмыскерлер арасында бронхоөкпелік жүйенің асбестті ауруларының жиілігін нақтылау мақсатында авторлар өндірісті бағалауды жүргізген. Ол кезде әртүрлі мүшелер мен жүйелердің жалпы және кәсіптік сипатты аурушаңдығының жоғарғы пайыздылығы анықталған. Көп жағдайда бронхоөкпелік жүйесі, тірек – қимыл аппараты мен құлақ, ауыз, мұрын аурулары байқалған. Жартысында дерлік жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары анықталған. Бронхоөкпе аппараты ауруларының анықталған жиілігі барлық кәсіптік топтарда шамамен бірдей болған.

Бронхоөкпелік жүйе ауруларының жиілігін талдау көрсеткендей, зерттелгендердің 45,8% - нда өкпенің жалпы сипатты аурулары, ал асбестті аурулар мен өкпенің кәсіптік аурулары 44,2% жағдайда анықталған. Карьер мен байыту цехы жұмыскерлерінде бронхоөкпе жүйесінің жалпы сипатты аурулары басым болған. Терең клиникалық зерттеу нәтижесі бойынша жалпы сипатты бронхоөкпелік патология созылмалы спецификалық емес өкпе ауруларымен, яғни: созылмалы бронхит, постпневмониялық регионарлы пневмосклероз, бронхоэктаз ауруы, өкпе эмфиземасы және т.б.түрінде байқалған [26].

Орал аймағындағы хризотил – асбестті алу мен өңдеу өнеркәсібінде, еңбек жағдайының жақсаруына қарамастан, соңғы онжылдықта, зерттеу орталықтарының мәліметтері бойынша, алғаш рет асбестоздың жаңа 400 жағдайы анықталған. Бұл аурудың клиникасы, ағымы мен болжамы дамуының мерзімдерін зерделеумен байланысты маңызды болып келеді [27].

Украина асбест өндірісіндегі жүргізілген зерттеулер асбестпен қатынаста болатындардың өкпе тінінің спецификалық фиброзы асбестоз, бластомотозды үрдістің дамуы мүмкін екенін көрсетті [28, 29].

Қазіргі уақытта бар халықаралық конвнцияларды түзету мен хризотилды адам мен қоршаған ортаға аса зиян келтіретін заттар тізіміне енгізу сұрағы туындаған [30].

Адам үшін асбесттің қауіптілігіне арналған жұмыстардың көптігіне қарамастан, шаңның балалардың денсаулығына әсері «ақ дақ» болып қала береді. Бұл проблемаларды кешенді гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулері көрсеткендей, алғашқы екі жыл өмірдегі пневмониямен ауыру бақылаудағыдан көп есе жоғары болып, сәбилік жаста бақылаудағы 9 - ға қарағанда 1000 адамға 114 жағдай және 1 жастағыларда бақылаудағы 45 – ке қарағанда 1000 адамға 425 жағдайды көрсеткен [31].

Соңғы уақытта асбесттің қоршаған ортаға әсері, соның ішінде өндірістік циклдағы канцерогендік әсеріне көп көңіл бөлінуде. Асбесттің ингаляциялық кәсіптік әсері қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Асбест өкпе қатерлі ісігі мен плевра мен іштік мезотелиомасын индуцирлеуі мүмкін. Солай бола тұра, ісіктердің басқаша шоғырлануы алі толық анықталмаған [32].
70 жылдардың басында, асбестқұрамды заттардың биологиялық әсерін зерттеу кезінде алғаш рет цитогенетикалық әдістер қолданған. Крокиодолит пен канадалық хризотил хромосомдық абберация жиілігінің жоғарлауына әкелетіні дәлелденген [33].
Зерттеулер көрсеткендей, асбестпен қатынастағылардың шеткері қанында, бақылаумен салыстырғанда, лимфоциттерде хромосомды абберациялар жиілігі 1,7 есе жоғары; клеткалардың митотикалық белсенділігі бұл кезде 1,4 есе төмендеген [34].
Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу бойынша Агенттіктің классификациясы бойынша асбест канцерогендердің бірінші тобына жатады [14]. Еуропалық Кеңес (ЕК) асбестке тыйым салу және оны жасанды талшықтармен алмастыру жайлы директиваны жасап шығарған (1999/77/ЕК 26 маусым 1999 ж.) [35].

Асбоцементті өндіріс жағдайында, барлық шоғырланулар, ал әсіресе өкпе қатерлі ісігі бойынша ықтималдық жоғары [36].
Солай бола тұра, өндірістік ортаға тән асбесттің салыстырмалы төмен концентрацияларының экологиялық қауіп – қатері әлі пікір – талас туғызады [37].

Хризотил амфиболды асбестке қарағанда канцерогенділігі төмен деп есептеу қабылданған [38]. Егер амфиболды асбест адамдарда өкпелік тіннен де, мезотелийден де ісік тудырса, хризотил мезотелий үшін емес, өкпе үшін ғана қауіпті [32].

Нагорная А. М. және басқа да авторлардың ойынша, асбест индуцирлеуші және промотирлеуші канцерогенді агент болып саналады. Канцерогенді қасиеттерге ие бола отырып, ол басқа факторлардаң (кремний қос тотығы, шылым шегу және т.б.) канцерогенділігін күшейтеді. Асбесттер эпигенетикалық канцерогендер (ДНК нысана мүшелерінің тура мутациялық зақымдалуына әкелмейді) бола отырып, клетка геномын бұзу сияқты ғажайып қабілетке ие.

Пайда болған оттегінің белсенді формалары 8 – гидроксигуаниннің түзілуімен жүретін гуаниннің қышқылдану жолымен ДНК нысана клеткалардың бұзылуын туғызады. 8 – гидроксигуанин клеткалардың неопластикалық трансформациясының себепшісі болып саналады. Сонымен бірге, асбесттер нысана клеткалардың тікелей физикалық зақымдауға қабілетті, 10 мкм ұзындыққа дейінгі (қысқа) талшықтар клеткаға ене отырып, митоз кезінде бөліну жібінің бұзылуын, микроядролардың түзілуімен жүретін хромосомалар фрагментациясын, талшықтардың хромосомаларға жабысуын туғызады [39].

Талшықтың канцерогенді потенциалын іске асыруда басты орынды белсенді оттегілік радикалдарға (БОР) жатқызады. Олар клеткаға токсикалық, мутагенді және трансформирлеуші әсер беріп, ондағы ДНК бұзылуын туғызады [40]. Нысана клеткаларда пайда болатын мутациялар промоция сатысында жиналады да, бекиді [41].

Жануарларға жасалған тәжірибелер көрсетендей, нативті асбестті созылмалы түрде аз дозамен енгізу канцерогенездің күшеюіне әкеледі. Ол кезде нысана клетка мен макрофагтарға «күшті» қысқа уақытта қайталанатын әсер туралы айтқан жөн. Клетка дақылдарында жүргізілетін тәжірибелер кезінде макрофагтар, мезотелиома мен трансформирлеуші клеткаларға айқын токсикалық әсер етіп, қалыпты мезотилий клеткаларына әсерін тигізбеген. Сонымен бірге макрофагтар мезотелий клеткасының спонтанды трансформациясын бәсеңдетіп, асбест тудыратынды тоқтатқан. Асбестті канцерогенез кезінде, бір жағынан, ОБР әсерінен нысана клетканың трансформациясы, екінші жағынан, трансформирлеуші клеткалардың өлуі байқалады.

Талшықтардың потенциалды қауіптілігінің сипаттамаларына бөлшектердің өлшемдері, олардың ену қабілеті және тыныс алу мүшелерінде жиналуы жатады және бұл қасиеттер түрі мен химиялық құрамына байланыты емес [42].

Асбесттен басқа, асбоцемент өндірісінің жұмысшылары, цементтің құрамындағы (50% таяу) кремний қос тотығының кристаллды түрлерінің (кристабалит, кварц) әсеріне тап болады. Кристаллды кремний өкпе тінінде эпителийдің зақымдалуын туғызып, макрофагтар мен нейтрофилды лимфоциттер белсенділігіне әкеледі, оның салдарынан зақымдалған тіндерде қабыну мен клеткалық пролиферация (цитокинов) факторларының концентрациясы жоғарлап, эпителий мен интерстициалды клеткалар пролиферациясына (пневмосклероз түрінде байқалады) әкеледі. Сол уақытта кремний қостотығы кристалдарының арқасында фагоциттер белсенділігі артып, ол өз кезегінде оксидантты стресстің дамуына әкеп, соңында канцерогенезді тудырады [39].

Соңғы кезекте, хризотил – асбест шаңының гигиеналық аспектілерінің әртүрлілігі жайлы айтқан жөн. Қолда бар мәліметтер әлі де толықтыруды талап етеді. Хризотил – асбест өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіптік аурушаңдығына жұмыс стажы мен еңбек түрінің әсері сұрақтары бүгінгі күнде маңызды болып отыр.

Әдебиет
1. Кундиев Ю. И., Чернюк В. И, Каракашян А. Н. және т.б. Гигиеническая характеристика условий труда рабочих основных профессий в асбестоцементнои производстве Украины. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:21.
2. Бекпан А. Ж. Состояние верхних дыхательных путей у рабочих хризотил – асбестового производства. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата медицинских наук/2010;6.
3. Плюхин А. Е. Гигиенические аспекты состояния здоровья работников при добыче и обогащении хризотилового асбеста. Гигиена и санитария/2006;3:27-28.
4. Троицкая Н. А., Ванчугова Н. Н., Коган Ф. М. және т.б. Биологическое действие пыли хризотил – асбеста, полученного сухим и мокрым способами обогащения (экспериментальное исследование). Медицина труда и промышленная экология/2000;11:36.
5. Шонтасова Т. С. Асбест және цемент шаңдарының иммунокомпетенттік ағзалардағы алмасу үрдістеріне кешеуілдетілген әсері (тәжірибелік зерттеу). Автореферат/2010;3.
6. Домнин С. Г., Кашанский С. В., Плотко Э. Г. және т.б. Асбест – современные проблемы медицина труда и экологии. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:1.
7. Капцов В. А., Тихова Т. С., Суворов С. В. және т.б. Состояние здоровья работающих с отходами хризотил – асбеста на объектах железнодорожного транспорта. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:23.
8. Капцов В. А., Кашанский С. В., Домнин С. Г. және т.б. Эколого – гигиенические аспекты применения асбестосодержащего балласта на железных дорогах. Гигиена и санитария/2003;5:14.
9. Никитина О. В., Коган Ф. М., Кашанский С. В. және т.б. О гигиенической целесообразности использования искусственных заменителей асбеста (обзор литературы). Медицина труда и промышленная экология/2000;11: 27-29.
10. Смирнова И. А. Охрана окружающей среды – один из приоритетов ОАО «Ураласбест». Медицина труда и промышленная экология./2000;11:39.
11. Кашанский С. В., Кузьминых А. И., Коган Ф. Н. Содержание мышьяка и других вредных веществ в воздухе рабочей зоны на предприятиях ОАО «Кустанайасбест». Медицина труда и промышленная экология/2000;9:45 - 46.
12. Жумабекова Г. С. Репродуктивное здоровье и генетический статус рабочих хризотил – асбестового производства. Автореферат/2009;3.
13. Дауренов Б. Б., Арыбжанов Д. Т., Кулакеев О. К. және т.б. Анализ онкологического риска среди работающих в условиях асбоцементного производства. Вестник Южно – Казахстанской государственной медицинской академии/2008;4(41):146.
14. Дауренов Б. Б. Оценка канцерогенной опасности условий труда работающих в асбоцементном производстве. Вестник Южно – Казахстанской государственной медицинской академии/2008;2:25- 27.
15. Плюхин А. Е. Бронхолегочная патология у работников асбестотехнического производства в современных условиях. Медицина труда и промышленная экология/2005;8:27-32.
16. Рыжов В. В., Кашанский С. В., Манакова Н. С. және т.б. Гигиеническая оценка воздуха рабочей зоны и селитебной территории при воздействии асбестового картона. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:39.
17. Ковалевский Е. В., Тоссавайнен А., Туоми Т. және т.б. Оценка содержания минеральных волокон в легочной ткани у людей, занятых добычей и обогащением хризотил – асбеста и проживающих вблизи предприятия. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:18.
18. Плотко Э. Г., Домнин С. Г., Кашанский С. В. және т.б. Эколого-гигиеническая оценка эмиссии волокон хризотил – асбеста из асбестоцементных кровельных материалов в процессе строительства и эксплуатации. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:41.
19. Милишникова В. В., Иловская Л. Т., Бурмистрова Т. Б. және т.б. Предварительные и периодические медицинские осмотры работников асбестовых производств. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:4-9.
20. Кузьмин С. В., Будкарь Л. Н., Бугаева И. В. және т.б. Прогнозирование риска развития профессиональной пылевой патологии у лиц, контактирующих с пылью хризотил – асбеста. Медицина труда и промышленная экология/2008;12:36.
21. Еловская Е. Т., Бурмистрова Т. Б., Ковалевский Е. В. Клинико – рентгенологические и гигиенические сопоставления как один из путей выявления зависимости доза – эффект при развитии хризотил – асбестового фиброза. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:19-20.
22. Кундиев Ю. И., Чернюк В. И., Каракашян А. Н. және т.б. Гигиеническая характеристика условий труда рабочих основных профессий в асбестоцементнои производстве Украины. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:22.
23. Лихачева Е. И., Вагина Е. Р., Климина М. С. және т.б. Клиника асбестообусловленных заболеваний и коррекция гемодинамических и вентиляционных сдвигов у больных асбестозом. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:43.
24. Любченко П. Н., Массарыгин В. В., Лебедин Ю. С. және т.б. Преимущества проведения преиодического медицинского осмотра рабочих асбестового завода в условиях профцентра. Медицина труда и промышленная экология/2002;12:27-31.
25. Плюхин А. Е. Гигиенические аспекты состояния здоровья работников при добыче и обогащении хризотилового асбеста. Гигиена и санитария/2006;3:26.
26. Лихачева Е. И., Семенникова Т. К., Вагина Е. Р. және т.б. Клиника и течение асбестоза в современных условиях добычи и переработки хризотил – асбеста. Медицина труда и промышленная экология/1999;5:4-6.
27. Кундиев Ю. И., Чернюк В. И., Каракашян А. Н. және т.б. Гигиеническая характеристика условий труда рабочих основных профессий в асбестоцементнои производстве Украины. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:22.
28. Лихачева Е. И., Ярина А. Л., Вагина Е. Р. және т.б. Клинические особенности заболевания легких от воздействия пыли хризотил – асбеста. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:31-33.
29. Штоль А. В., Плотко Э. Г., Селянкина К. П. Загрязнение атмосферного воздуха асбестосодержащей пылью и здоровья детского населения. Медицина труда и промышленная экология/2000;11:10-12.
30. Измеров Н. Ф. Программа Всемирной организации здравоохранения и международной организации труда по элиминации асбесто- обусловленных заболеваний. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:1.
31. Пылев Л. Н., Васильева Л. А., Кринари Г. А. және т.б. Электрические свойства поверхности волокон и токсичности асбеста. Гигиена и санитария/2002;3:61.
32. Дауренов Б. Современное состояние вопроса о потенциальной онкогенности промышленных асбестосодержащих пылей. Вестник Южно – Казахстанской государственной медицинской академии./2008;4(41):168.
33. Дауренов Б. Б. Современное состояние вопроса о потенциальной онкогенности промышленных асбестосодержащих пылей. Вестник Южно – Казахстанской государственной медицинской академии/2008;4(41):168.
34. Саноцкий И. В., Еловская Л. Т. Международная проблема вредного действия асбестов и альтернативных волокнистых материалов. Гигиена и санитария/2003;6:48.
35. Дауренов Б. Б. Производственные и непрофессиональные факторы канцерогенного действия на здоровье работающих асбоцементного производства. Вестник Южно – Казахстанской государственной медицинской академии/2008;2(39:32.
36. Плотко Э. Г., Селянкина К. П., Кашанский С. В. және т.б. Гигиенические проблемы охраны окружающей среды и здоровья населения в районах добычи и применения хризотил – асбеста. Гигиена и санитария/2006;3:70.
37. Пылев Л. Н., Васильева Л. А., Смирнова О. В. және т.б. Активные радикалы кислорода и волокнистый (асбестовый) канцерогенез. Токсикологический вестник/2009;1:26.
38. Нагорная А. М., Вривончик Д. В., Кундиев Ю. И. және т.б. Онкологическая заболеваемость работников асбестоцементных производств. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:27 – 28.
39. Ванчугова Н. Н., Кашанский С. В., Трегубов Е. С. және т.б. Экспериментальное обоснование возможности индукции опухоли потомства при транспланцентарной миграции волокон хризотил – асбеста. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:35- 37.
40. Пылев Л. Н., Смирнова О. В., Васильева Л. А. және т.б. Влияние модификации поверхности волокон хризотила на его биологическую активность. Гигиена и санитария/2007;2:77.
41. Пылев Л. Н., Васильева Л. А., Смирнова О. В. және т.б. Активные радикалы кислорода и волокнистый (асбестовый) канцерогенез. Токсикологический вестник/2009;1:29.
42. Ковалевский Е. В., Кашанский С. В. Современные подходы к нормированию асбестосодержащей пыли. Медицина труда и промышленная экология/2008;3:9.


Источник: Журнал «Медицина и экология»

Автор: Даулеткалиева Жания Абаевна
  3988
Для того, чтобы оставить комментарий, вам необходимо пройти авторизацию на сайте