Әлемдегі ғылым

Ирандағы ежелгі су құбыры жүйесі

14.08.2023

576



Су құбырының құрылысы шамамен 3000 жыл бұрын Парсы жерінде салынған. Қазіргі Иранның Гонабад қаласына жақын жерде орналасқан су жүйесі кяриз немесе qanat деп аталады. 

Бұл жер асты су құбыры. Парсы ауылдары мен қалалары осы су құбыры жүйесінің көмегімен құрғақшылықтан шығып отырған екен. 

Гидравликалық жүйеге жер асты горизонтынан су алатын негізгі ұңғыма, су белгілі бір жерге тасымалданатын туннельдер жүйесі және бүкіл трасса бойынша желдетуге арналған әрі ылғалдың конденсациялануына да мүмкіндік беретін тік ұңғымалар кірді.  

Сонымен қатар, жер асты құбыры ылғалдың булануын айтарлықтай азайтты.
Гонабад кяризінің ұзындығы 33 км, оның құрамында 427 шұңқыр бар.

Парсылардың жоғары даму дәрежесін растайтын бұл құрылыстар физика, геология және гидравлика заңдарын білу арқылы салынған. 2007 жылдан бері Гонабад каризі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 

Дерек көзі: Alireza Teimoury; livejournal / masterok 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар