Әлемдегі ғылым

Есте сақтауды жақсартудың ережелері

14.02.2023

845



Қазіргі таңда есте сақтау қабілетінің күрт төмендеп кетуі мамандарды алаңдатуда. Бұған дейін бұндай жағдай егде жастағы адамдарда жиі кездессе, енді ол жас талғамайтын болған. 
Есте сақтау қабілетіне COVID-19 вирусы да себеп болып отыр. Осы жағдайдың алдын алу үшін британдық зерттеуші Марк Милштейн 7 ережені ұсынған. Ғалым атаған бірінші ереже қан қысымының оңтайлы деңгейін ұстап тұру қажеттілігі.  Екінші ережесі – қандағы қант деңгейін бақылау. 

Сондай-ақ, ұйқыдағы апноэ есте сақтауға бірден бір әсер етуі мүмкін деп санайды. Сондықтан есте сақтаудың маңызды факторының бірі – тамақтануды бақылау және қажетсіз тағамның артық болуын болдырмау. Дәрігер алкоголь мен темекі шегуден аулақ болуға тырысу керек екенін айтады, өйткені мұндай әдеттерге бейім адамдар деменция қаупіне ұшырайды. 

Ұйқыдағы апноэ – ұйықтап жатқан адамның тыныс алуының бұзылуы. Тыныс алу ретсіз болады, ұйқы кезінде қайта-қайта тоқтайды. 

Сондай-ақ ғалымдар жалғыз болудан аулақ болуды және көпшілік ортасында жүруді ұсынады. Өмір бойы жаңа дағдыларды меңгеру кезінде ми тоқырау кезеңін болдырмайды, бұл есте сақтау жағдайына жақсы әсер етеді. 

Материал https://involta.media/post/uchenyy-nazval-neskolko-pravil-dlya-sohraneniya-i-uluchsheniya-pamyati деректері бойынша дайындалды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар