Әлемдегі ғылым

Жүгеріден алынған матаның ерекшеліктері

18.01.2023

794


Сурет, деректер https://polymya-agro.by/news/tkan-iz-kukuruzy/ сайтынан алынды 

Осы уақытқа дейін жүгеріні тек мал азығы ретінде санап келдік. Жақында ғалымдар жүгеріден тоқыма трикотажының тобына кіретін мата жасады. 
Жаңа технологиямен алынған мата серпімді әрі мықты болып келеді. Одагн тігілген киім-кешектер денеге де жағымды. 

Жүгеріден мата крахмалын алу арқылы өндіріледі. Оны сүт қышқылының күйіне дейін жеткізіп, декстрозаға айналдырады. Одан әрі қарай талшықтар, содан кейін маталар алынады. Осы технологиямен синтетикалық мата нейлон да жасалады.  Жүгері табиғи шикізат десек те одан жасалатын материал синтетикалық мата ретінде қабылданады. Өйткені талшықтары химиялық әдіспен алынады. Осы себепті жүгері матасы целлюлозаны өңдеу арқылы алынатын вискоза сияқты жасанды болып саналады. 

Жүгері матасын гипюр немесе барқыт сияқты деп атауға келмейді, әрине.  Керісінше, бұл осы дақылдан алынған крахмал бар материалдар тобы. Таза түрінде жүгері талшықтары мата жасау үшін пайдаланылмайды. 

Жүгеріден мата тоқуды пике деп атайды. Бұл жол-жол бедері бар тоқыма жіптерінің екі жүйесімен қалыптасатын трикотаждың ерекше түрі. Матаның әдеттегі үлгісі - шаршы, ромб немесе бал ұясы тәріздес тоқыма. Матаның ең көп таралған түрлерінің бірі – вафли түріндегі тоқыма. Одан әдемі сүлгілер, сейсептер тігуге болады. Тоқыманың спецификалық тоқылуына байланысты мата мыжылмайды, тез жыртылмайды және жұмсақ. Экологиялық жағынан да тиімді. Ол шіріп кетеді. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар