Әлемдегі ғылым

Испаниядан ең үлкен тасбақа қалдықтары табылды

22.11.2022

71


Зерттеуші ғалымдар Испанияның солтүстік-шығысынан ұзындығы шамамен 3,7 метр және салмағы екі тоннаға жуық тасбақаның қалдықтарын тапқанын жеткізді. Leviathanochelys aenigmatica атты бұл тасбақа Еуропадағы ең үлкен тасбақа. Ол бор дәуірінде, яғни динозаврлар дәуірінде өмір сүрген.

Ғалымдардың айтуынша, бұл тасбақаның бұған дейінгі, яғни 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі қазбаларда тек жамбас бөліктері және тасының кейбір бөліктері ғана табылған. Дәл сол жамбас сүйектерінің өлшемі бойынша ғалымдар үлгінің бастапқы қанаттарының кеңдігін бағалаған көрінеді.

Leviathanochelys тасбақасы осыдан 70 миллион жыл бұрынғы, ұзындығы шамамен 4,6 метр, салмағы 3,2 тонналық Archelon тасбақасына жетеғабыл. Archelon қалдықтары Солтүстік Америкадан шыққан.

Ғалымдар Leviathanochelys тасбақасы үлкендігі Mini Cooper көлігінің көлеміндей, Archelon болса, Toyota Corolla-дай болатынын айтады.

Материал https://www.medi1news.com/fr/article/266582.html деректері бойынша дайындалды.







«« | »»
Соңғы жаңалықтар