Әлемдегі ғылым

Киттер күніне миллиондаған пластиктерді жұтып қояды

02.11.2022

1108

АҚШ зерттеушілері мұхиттағы, тіпті әлемдегі ең ірі сүтқоректілер – киттерді зерттеді. Олардың күніне миллиондаған пластик бөлшектерді жұтып қоятынын анықтаған.

Зерттеуге сәйкес, киттер тұтынатын микропластиктердің мөлшері күніне 2,51 келіден 43,6 келіге дейін ауытқиды. Микропластиктер бүкіл әлемде, тіпті ең терең мұхиттарда да кездесуде.

Зерттеу барысында ғалымдар киттердің қозғалысын бақылау үшін пайдаланған 191 көк, өркешті киттерге белгі қойды.

Ғалымдар Калифорния жағалауында зерттеулерін жүргізіп, әлемдегі ең ірі сүтқоректілердің қоректену әдеттерін байқады. Зерттеу авторы Ширел Кахане-Раппорт атап өткендей, киттердің «су бағанында микропластиктердің ең жоғары концентрациясы» бар 50-ден 250 метрге дейінгі тереңдікте қоректенетіні белгілі болған.

https://www.dw.com/en/whales-ingest-10-million-bits-of-microplastics-daily-study/a-63618110

«« | »»
Соңғы жаңалықтар