Әлемдегі ғылым

Quetzalcoatl птерозавры қазіргі құтан сияқты жер бетінен көтеріліп, кондор сияқты қалықтаған

09.12.2021

2142

Quetzalcoatl птерозавры қазіргі құтан сияқты жер бетінен көтеріліп, кондор сияқты қалықтады, деп отыр ғалымдар.

Птерозавр Quetzalcoatl алғаш рет 1971 жылы Техаста табылған. Бүгінгі таңда бұл птерозаврлардың динозаврларға жатпайтын екі түрі белгілі: Quetzalcoatlus Northropi және Quetzalcoatlus lawsoni. Олар жер бетіндегі ең үлкен ұшатын жануарлар және 228 және 66 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Олардың жерден қалай көтеріліп, қалай қонғаны 50 жыл бойы жұмбақ күйінде қалып келген. Енді жұмбақ ашылды, деп хабарлайды Daily Mail.

Жаңа зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар алғашында қанаты 12 метрге жететін алып құс 2,56 метрдей биіктікке секірген, содан кейін ғана ұшып кеткен деген қорытындыға келді. Заманауи құстар осылай істейді, бірақ ұшу тұрғысынан ол қазіргі кондорға көбірек ұқсайтын. Птерозавр Quetzalcoatl жылы қанды болды және ғалымдардың айтуынша, олар қауырсынды емес, жүнді болған және оның құйрығы болмаған.

Сырттай қарағанда ол екі аяқпен қозғалған, бірақ қанаты өте ұзын болғандықтан, жерге сүйретілген. Сондықтан ұшу үшін оған қосымша күш қажет болды, дейді Берклидегі Калифорния университетінің қызметкері Кевин Падиан.

Алғашында птерозавр аяқтарын тіреу арқылы итеріліп барып, қанаттарын жайып ауаға көтерліген. Қонған кезде де ол алдымен түсуді баяулату үшін қанаттарын қағып, кейін артқы аяғымен секіріп бары қонған, дейді Падиан.
Ғалымдардың айтуынша, Quetzalcoatlus Northropi түрінің птерозавры нағыз алып болса, оның кіші туысы Quetzalcoatlus lawsoni-дің қанаттары шамамен 6 метрге дейін жеткен екен.

Материал https://www.dailymail.co.uk/sciencetech/article-10287661/Worlds-largest-pterosaur-leaped-air-fly-study-finds.html деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар