Әлемдегі ғылым

Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның ойын жеткізді

15.11.2021

68

АҚШ ғалымдары сал ауруына шалдыққан адамдардың басқа адамдармен байланысуына арналған компьютер ойлап тапты. Өзара ми компьютері деп атаған бұл аппарат (BCI) қозғалу немесе сөйлеу қабілетін жоғалтқан адамдар үшін байланысты қалпына келтіре алады. Осы уақытқа дейін BCI зерттеулері жалпы моториканы қалпына келтіруге бағытталған болатын.

Бұл жерде ғалымдар ми қыртысындағы нейрондық белсенділік арқылы адамның айтқысы келген ойын мәтінге айналдыра алатын программаны жүзеге асырып отыр. Нәтижесінде бірнеше жылдан бері қимылсыз, тілсіз қалған науқас өз ойын жеткізе алған екен. 2007 жылы жұлын жарақатынан мойынынан төмен сал ауруына шалдыққан 65 жастағы ер адам ойларын өзінің ойша жазуын шынайы мәтінге айналдыратын ми имплантаты жүйесі арқылы жеткізді. Тәжірибе барысында ойындағы әріптер мен сөздерді елестетіп, қағазға қиялдағы қаламмен жазуды ойлады.

Нәтижесінде, адам шамамен 94% дәлдікпен (автоматты түзету қосылған кезде 99% дәлдікпен) минутына 90 таңба (минутына шамамен 18 сөз) жазу жылдамдығына қол жеткізе алды.

https://www.nature.com/articles/s41586-021-03506-2?fbclid=IwAR2FnMX1SzT5qCp6cPJT1BaKfZMOaMvBGCu2rW_FyAQpxDqf-oiPwLLq4U4

«« | »»
Соңғы жаңалықтар