Әлемдегі ғылым

Қол қимылдарын жасаудағы мидың жұмысы

12.11.2021

98

Жоғары экономика мектебінің нейроэкономика және когнитивті зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Вадим Никулин бастаған ғалымдар тобы антифазалық екі жақты қозғалыстарды орындау қабілетінің жас ұлғаюына қарай төмендеуі мидың альфа және бета белсенділігіне байланысты деп тұжырымдайды.

Екі жақты координация дегеніміз, адамның денесін сол және оң жақтарын қозғалыс кезінде үйлестіру қабілеті. Бұл күнделікті өмірге қажетті дағды. Екі жақты координация бұзылған кезде қолды шапалақтау немесе банканың қақпағын ашу деген сияқты басқа да тұрмыстағы қозғалыстар қиындық туғызады.

Инфазалық және антифазалық координацияны ажыратып қарасақ. Фазалық қозғалыстарда қарама-қарсы аяқ-қолдардың бұлшықеттері допты ұстау кезіндегідей синхронды түрде жиырылады, ал антифазалық қозғалыстарда, мысалы, екі қолмен бір бағытта бір мезгілде қозғалыс кезінде кезектесіп бұлшықет жиырылуы қажет.

Қартаю екі жақты координация, әсіресе антифаза дағдыларының төмендеуімен байланысты. Ғалымдар егде жастағы адамдарда нейрондық тербелістерге байланысты мидың әртүрлі механизмдерімен басқарылғандықтан, фазалық және фазадан тыс үйлестіру қабілетінде өзгерістер пайда болады деп тұжырымдайды.
Осы өзгерісті тексеру үшін электроэнцефалографияның көмегімен тәжірибе жасап көрген. Оған 25-26 жастағы 25 адам және орта жасы 70-тер шамасындағы 25 адам қатысқан.

Олар шеңбер бойымен астынан қолдары көрініп тұратын үстелде отырып, экранда көрсетілген қозғалыстарды қайталайды. Оның ішінде сегіз қозғалыстың екеуі синфазалық, екеуі антифазалық қимылдар болған. Қалған төртеуі бір қолмен ғана жасалатын қозғалысты талап еткен. Осы қозғалыс кезінде мидың жұмысын аппарат жазып отырған.

Жас адамдармен салыстырғанда егде жастағы адамдарда антифазалық қозғалыстар кезінде аяқ-қолдары арасындағы синхронизацияның төмен екендігі анықталды. Яғни, жасына байланысты мұндай қозғалыстарды жасаудың қиындау болатынын білдіреді.
Антифазалық қиылдар кезінде ми белсенділігіне байланысты қимылдар біркелкі жасалмаған. Жастарда антифазалық қимылдармен салыстырғанда синфазалық қимылдар кезінде оң жақтағы мидың жартышарында альфа ритмінің күші аз ғана азайса, жасы үлкен кісілерде екі қозғалыста да бірдей төмендеген.

Бета ритмдерінде де осы жағдай байқалған. Жастарда бета ритмі қозғалыс түріне қарамастан бірдей төмендесе, егде жастағы адамдарда бета ырғағы синфазалық қозғалыстармен салыстырғанда антифазалық қозғалыстарда едәуір төмендеген.
Ғалымдар альфа ритмінің күші бұл мәселені шешуге белсенді қатысу деңгейіне байланысты деп болжап отыр. Мидың жартышарында бұндай күштің төмендеуі қарт кісілердің қимылдарының бәсеңдеуіне алып келеді.

Нейрондық өзгерістер ми патологиясында әртүрлі кезеңде анықталатын болғандықтан, электроэнцефалография арқылы моторлы патологияны мысалы, Паркинсон ауруларына байланысты патологияны дер кезінде анықтауға болады, дейді Вадим Никулин.

Материал https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0197458021001147 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар