Әлемдегі ғылым

Үндістанның Covaxin-ін ДДҰ мақұлдады

04.11.2021

117

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Bharat Biotech компаниясының коронавирусқа қарсы Covaxin вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Бұл вакцина Үндістанда жасалады.

Дүние жүзінің сарапшыларынан құралған техникалық консультативтік топ бұл вакцинаның ДДҰ-ның COVID-19-дан қорғау стандарттарына сәйкес келетінін және оны барлық елдерде қолдануға болатыны туралы шешім шығарған. Covaxin вакцинасы 18 жастан асқан адамдарға төрт апта үзіліспен екі рет салынады.

Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде Bharat Biotech вакцинасының COVID-19 ауыр белгілерінде 77,8 пайыз тиімділігі анықталған. Аурудың ауыр түрлеріне қарсы тиімділік 93,4 пайызды, ал симптомсыз түрлеріне қарсы 63,6 пайызды құрайды. «Дельта» штаммына қарсы тиімділігі де жоғары.

Covaxin 16 елде тіркеліп, 50 мемлекетте оны мақұлдау процесі жүруде. Үндістанның өзінде шығарылымын 1 миллиард дозаға дейін жеткізу жоспарланған көрінеді. Қазіргі таңда төрт объектіде шығарылуда. Жүктілік кезінде қолдану туралы деректер аз болғандықтан, әлі де болса зерттеуде қажет етеді деп отыр мамандар.

Материал https://ria.ru/ деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар