Әлемдегі ғылым

Ресейлік ғалымдар коронавирус пен тұмауға қарсы ортақ вакцина жасамақшы

28.09.2021

135


Ресейдің Адамның бағаналы жасушалар институтының мамандары тұмау мен коронавирусқа қарсы аралас вакцина жасау мүмкіндігін зерттеп жатыр. Институт директорлар кеңесінің төрағасы Артур Исаевтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда тұмау вакцинасы дайын және коронавирусқа қарсы клиникаға дейінгі вакцина да бар. Енді осы екеуін біріктіріп, бір вакцина дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы бағытталған Бетувакс вакцинасының клиникалық сынақтарын бастауға рұқсат берген. Құжаттамаға сәйкес, Betuvax-Kov-2 бойынша зерттеулер жүргізуді осы жылдың 27 қыркүйегінде мақұлдаған, 2022 жылдың 31 тамызына дейін күшінде қалады. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі 170 науқасқа жүргізілетін болады.

Ресейлік аллерголог-иммунолог Андрей Продеус ең алдымен коронавирусқа қарсы вакцинаны алу қажеттігін, біраз үзіліс жасағаннан соң ғана тұмауға қарсы вакцинаны алуға болатынын айтқан.

Ресейде қаңтар айынан бастап ауқымды вакцинация жүргізілуде. Азаматтар вакцинаны тегін және ерікті түрде алады. Көршімізде қазіргі таңда Sputnik V, сондай -ақ Sputnik Light, EpiVacCorona, EpiVacCorona және KoviVak сияқты коронавирусқа қарсы бес вакцина тіркелді.

Материал https://iz.ru/1227608/2021-09-27/rossiiskii-institut-izuchit-vozmozhnost-sozdaniia-kombovaktciny-ot-koronavirusa-i-grippa деректері бойынша жасалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар