Әлемдегі ғылым

Эйнштейннің қолжазбалары сатылмақшы

23.09.2021

2440

Белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің қолжазбалары сатылымға шығарылды. Оны ұйымдастырған Christie’s және Aguttes аукцион үйлері.

Жоспарланып отырған аукцион сатылымы Париж қаласында қарашаның 23-нде өтпекші. Қолжазбаларда ғалымның инженер Мишель Бессомен бірге құрған еңбегі бар. Онда ол жалпы салыстырмалылықты дәлелдеуге тырысқан көрінеді.

Тарихи құжат 1913-1914 жылдары жазылған. Мәтіннің өзі Меркурий орбитасындағы аномалияны шешуге арналған теңдеулер мен есептеулерден тұрады. Меркурийдің орбитасындағы планета Күнге жақын орналасқан нүкте, оның перигелиясы уақыт өте келе Күн жүйесіндегі басқа денелердің әсерінен баяу қозғалады. Егер Эйнштейн мен Бессо теңдеулері осы ығысудың нәтижесін көрсетсе, салыстырмалылық дәлелденер еді. Алайда, қолжазбада кейбір дәлсіздіктер болды. Мәселен, 28-бетте Эйнштейн күн массасының мағынасында қате жіберді, нәтижесінде ғалымдар бұл тәсілден бас тартты, деп жазады egemen.kz.

Мишель Бессо бұл қолжазбаларды өзімен бірге алып кеткендіктен, осы күнге дейін сақталған делінген. Эйнштейн бұл тәсілге 1915 жылы қайта кірісіп, есептеулердің дұрыстығын тауып, дәлелдеген екен.

Дереккөзі: https://egemen.kz/article/290249-eynshteynninh-qoldgazbalary-auktsiongha-shygharylady.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар