Әлемдегі ғылым

Темекі тартатындар коронавируспен сирек ауырады

22.09.2021

2430

Жапониядағы Хиросима университеті мен Кансай медициналық университетінің ғалымдары темекі тартатындар арасында коронавирус жұқтыру ықтималдығының неге төмен екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Scientific Reports журналында жарияланды, деп жазады https://rg.ru/2021/09/21/iaponskie-uchenye-vyiasnili-pochemu-kuriashchie-rezhe-zarazhaiutsia-koronavirusom.html.

Мақалада темекі тартатындар арасында SARS-CoV-2 жұқтырғандар саны темекі тартпайтындарға қарағанда аз екендігі баса айтылған. Екінші жағынан, темекінің адам ауыруын одан әрі қоздыратыны мәлім. Осы қарама-қайшы деректердің бір-бірімен қалай байланысты екенін түсіну үшін жапон ғалымдары темекі түтінінің COVID-19 жұқтыру ықтималдығына қалай әсер ететінін зерттеді.

Темекі түтінінің құрамына кіретін полициклді хош иісті көмірсутектер SARS-CoV-2 вирустарында ACE-2 рецепторының түзілуін басуы мүмкін. Дәл осы ACE-2 рецепторы адам ағзасына коронавирусты кіргізетін «есік» тәрізді. Оларсыз коронавирус адам клеткаларымен «араласа» алмайды. Сондықтан темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы төмен. Дегенмен, жапон ғалымдары темекі тартатын адамдар коронавирус жұқтырған жағдайда ауыр формасын басынан өткізетінін айтады.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар