Әлемдегі ғылым

SARS-CoV-2 BV-1 коронавирусының жаңа нұсқасы анықталды

23.04.2021

138

Texas A&M университетінің ғалымдары кейбір бейтараптандырғыш антиденелерге иммунитеті жоғары әрі вирустың басқа нұсқаларын тежей алатын SARS-CoV-2 BV-1 коронавирусының жаңа нұсқасын анықтады. Бұл жаңалығымен баспасөз қызметі MedicalXpress сайтында бөлісті.

Зерттеушілер бұл штаммда аурудың тез таралуына және адамның иммундық жүйесіндегі антиденелерді жоюға қарсы тұра алатын жоғары төзімділікке ие генетикалық маркерлер біріктірілген дейді. BV-1 штаммы коронавирусқа қан тапсырған, тек суық тиюдің жеңіл белгілері бар студенттен алынған сілекей сынамасынан табылған. Қайта тапсырылған екінші және үшінші сынамалардан вирустың оң нәтижелері алынған. Бұл әдетте 18-24 жас аралығындағы пациенттерде кездесетін коронавирус инфекциясына қарағанда ұзаққа созылып кететін инфекцияны көрсетеді. Студенттен алынған үшінші сілекей сынамасы теріс көрсеткішті беріп, вирустың белгілері анықталмаған.

Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі көптеген зертханалар тек COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған пациенттерінен оқшауланған вирустардың тізбегін (геномын секвенизациялау) жүргізіп жатқанда, Техас A&M университетінің мамандары коронавирустың қауіпті нұсқаларын табу үшін кеңірек скрининг жасайтындарын жеткізген.

Ғалымдар BV-1 геномының дәйектілігі туралы деректерді GISAID – тұмау және коронавирус вирустары туралы геномдық мәліметтер базасына тексеруге жіберді.

BV-1 британдық (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 (COVID-19 тудыратын коронавирус) нұсқасымен байланысты. «BV» Texas A&M және GHRC орналасқан Техас аймағының жеті округін біріктіретін «Brazos Valley» дегенді білдіреді.

https://medicalxpress.com/news/2021-04-covid-variant-genome-potential-resistance.html

«« | »»
Соңғы жаңалықтар
04.09.2021 ДДҰ: Әлемнің 194 елінде вакцина егу жұмысы жүргізіліп жатыр
23.04.2021 SARS-CoV-2 BV-1 коронавирусының жаңа нұсқасы анықталды
04.04.2021 Өзбек ғалымдары коронавирустың 32 геномын ашты