Алғашқы Ғалам, жұлдыздар эволюциясы, жаңа жұлдыздар және т.б. көптеген астрофизикалық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын астрофизикалық модельдердегі маңызды кіріс параметрі радиациялық түсіру реакцияларының толық қимасы болып табылады.
Бүкіл әлемде әртүрлі әдістер мен модельдерге негізделген термоядролық реакцияларға ұқсас салыстырмалы түрде көптеген зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, олардың барлығы не резонансты топ әдісі сияқты өте күрделі есептеу схемаларына негізделген не ядролардың кең ауқымы үшін эксперименттік мәліметтерді жақсы сипаттауға келмейді.
Сонымен қатар, қарапайым потенциалды екі кластерлік модельдердің мүмкіндіктері, әсіресе, егер олар тыйым салынған күйлер (ТК) тұжырымдамасын қолданған және серпімді шашырау фазаларының төмен энергияларда әрекеттесетін бөлшектердің резонанстық мінез-құлқын тікелей ескерген жағдайда әлі толық зерттелмеген. Мұндай модельді тыйым салынған күйлер немесе потенциалды екі кластерлік модельдердің модификацияланған модель деп атауға болады. Дәл осы модель өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының Ядролық астрофизика зертханасының меңгерушісі, жоба жетекшісі Дубовиченко Сергей Борисовичтің жұмысында зерттеліп келеді.
Салыстырмалы түрде күрделі есептеулер, мысалы, резонансты топ әдісі шеңберінде, қолда бар эксперименттік фактілерді түсіндіру үшін талап етіле бермейді. Көптеген мәселелерді қарастыру үшін Юнг схемалары бойынша орбиталық күйлердің жіктелуін ескеретін салыстырмалы түрде қарапайым модификацияланған потенциал кластерлік моделді қолдану жеткілікті. Көптеген жағдайларда мұндай тәсіл көптеген эксперименттік мәліметтерді сипаттауда жеткілікті нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – Әлемнің бастапқы нуклеосинтезінде, басқарылатын термоядролық синтез процестерінде және термоядролық синтезде болатын модификацияланған потенциалды кластерлік модель шеңберінде термоядролық реакциялардың жалпы қималары мен жылдамдығын есептеудің бірыңғай әдістерін әзірлеу және эксперимент және басқа авторлардың нәтижелерінен алынған нәтижелердің салыстырмалы талдауы жасау.