Әлемдегі ғылым

Туберкулезге қарсы вакцина Альцгеймер ауруынан қорғайды

30.05.2023

228



Қазіргі таңда нейродегенеративті бұзылулар және Альцгеймер ауруы жер жүзіндегі халыққа тікелей қатысты басты мәселе болып отыр. Сондықтан ғалымдар әлі де емі табыла қоймаған бұл аурудың емдеу жолдарын іздеп, оның алдын алу әдістерін жасауға белсенді түрде тырысуда. 
Сондай еңбек барысындағы БЦЖ вакцинациясының (туберкулезге қарсы) Альцгеймер ауруының даму қаупін айтарлықтай төмендетуімен байланыстыратын жаңа зерттеу алға басты қадам болып табылады. 

Альцгеймер ауруы бар науқастар есте сақтау және когнитивті қабілеттердің бұзылуынан зардап шегеді. 

Жақында жарияланған ғылыми мақалада ғалымдар БЦЖ-ны Альцгеймер ауруының даму қаупінің төмендеуімен байланыстырды. Зерттеушілер бұл үлгіні қатерлі ісіктің бір түрі, яғни қуықтың қатерлі бұлшықет-инвазивті емес ісігі бар науқастар үлгісінде атап өтті. Бұл таңдау БЦЖ осы ауруды емдеу үшін белсенді түрде қолданылатындығына байланысты болған. Зерттеуге дәрігердің бақылаулары туралы көптеген деректер негіз болды. 

Зерттеу барысында трансуретральды ісік резекциясы бойынша қуыққа операция жасалған 50 жастан асқан (орта есеппен 70 жас) пациенттер қарастырылды. Барлығы 6467 адамның 3388-і емдеу аясында БЦЖ алған. 

Қарастырылып отырған кезеңде (1987 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін) вакцинацияланған адамдар арасында бақылау тобындағы 262 науқастың 202 -інің Альцгеймер ауруымен ауырғаны белгілі болды. 
 
Бұл БЦЖ қабылдағандардың арасында Альцгеймер ауруына шалдыққандардың 1,4 есеге дерлік төмен екенін көрсеткен. Вакцина 70 жастан асқан науқастарда Альцгеймер ауру қаупін азайтқан.  
Сонымен қатар, БЦЖ нейродегенерациядан болатын өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендеткен. Ғалымдар жасалған жұмыстардың алдыңғы деректерді растап, туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасының Альцгеймер ауруының алдын алу үшін шынымен тиімді екенін дәлелдеуге мүмкіндік беретінін алға тартады. 

https://jamanetwork.com/journals/jamanetworkopen/fullarticle/2805030 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар