Фото: Koby Harati, City of David
Табылған моншақ гүл тәрізді етіп жасалған. Әр күлтесі домалақ шардан тұрады. Зерттеушілер бұл затты Рим дәуіріне тиесілі деп отыр. Зергерлік бұйым Қажылық жолындағы қазба алаңынан алынған топырақтан шыққан.
Ұлттық қызметте жұмыс істеп жүрген ерікті Давид қаласындағы қазбалардан әкелінген материалды шая бастағанда жылтыр бірдеңені байқап қалған. Оның қымбат тарихи зат екенін білмесе де бірден археолог мамандарға тапсырған.
Олар моншақ шамамен 1600 жыл бұрын таза алтыннан жасалған деп жобалайды. Бұл керемет шеберліктің дәлелі, өйткені жеке кішкентай алтын шарлар гүл тәрізді пішінді жасау үшін бір-біріне бекітілген. Өңірдегі археологиялық қазбалар кезінде алтын бұйымдар көп кездесе бермейді, әсіресе мұндай күрделі жұмысты талап ететін моншақтар сирек кездеседі екен. Бұған дейінгі табылған әшекей бұйымдар күмістен жасалған.
Израильдің көне жәдігерлер басқармасының қызметкері доктор Амир Голани бұл олжаның бағалығы оның ерекше және күрделі жасалу тәсілінде деп түсіндіреді.
Табылған моншақ бастапқыда алқа немесе білезік сияқты үлкенірек зергерлік бұйымның кішкене бөлігі болса керек. Археологтардың пікірінше, оны тек қомақты байлығы бар ауқатты адам ғана таға алады.
Шынында да, моншақ табылған ғимараттың қалдықтары бір кездері әсем ғимарат болса керек. Оның сәндік мозаикалық едені оның тұрғындарының байлығын дәлелдейді.
https://www.iflscience.com/1-600-year-old-pure-gold-bead-uncovered-in-jerusalem-is-a-rare-find-67447