Зоология институты ғалымдарының Marwell Wildlife және Wildlife Without Borders ұйымымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан қарақұйрықтарды сақтауға байланысты IUCN Save Our Species жобасы аяқталуға жақын.
Ғалымдар қар барысының және басқа да аңдардың басым түрлеріне пайдасын тигізетін маусымдық-кеңістіктік қатынастарды қалпына келтіру үшін қарақұйрықтың климатқа төзімді ландшафын басқару тәсілдерін әзірлеуді мақсат етіп отыр. Жобаның аумағы негізінен қарақұйрықтардың қазастандық популяциясының 70%-дан астамы және осы түрдің дүние жүзіндегі популяциясының едәуір бөлігі мекендейтін Алматы облысы болды.
Қарақұйрық популяциясының маусымдық-биотоптық динамикасын зерттеу барысында климаттың өзгеруі жағдайында қарақұйрық түрінің сақталуына қатысты қызықты фактілер анықталған екен. Жылдың құрғақ мезгілінде шөп және су ішетін орындардың жетіспеушілігінен қарақұйрықтар таулы аймақтарға да көтеріліп кетеді. Ондай кездерде қар барыстарымен де кездесіп қалуы мүмкін. Бір қызығы, су іздеп жүрген дала мен тау жануарларының кездесіп қалатын орындары. Жыл өткен сайын адам аяғы жеткендіктен, ондай жерлер де азаюда.
Зерттеулер негізінде отандық ғалымдар әртүрлі мүдделі тараптар үшін біраз жылды талап ететін бірқатар ұсыныстар дайындады. Бірінші кезектегі міндет – қарақұйрықты сақтау жөніндегі мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жүйелі тәсілді қамтитын Іс-шаралар жоспарын мемлекет қабылдауы тиіс, деп отыр олар.