Қазақстан ғылымы

Отандық ғалымдар қазақтардың ДНҚ-сы мен геномын зерттейді

16.03.2023

879



Қазақстанда Дербестендірілген және профилактикалық медицинаны енгізудің Ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы халқының арасында аурулардың дамуын болдырмауға бағытталған басқарушылық шешімдерді әзірлеу. 

Бұл нені білдіреді?

Қазақстандық дәрігерлер клиникалық тәжірибеге енгізілетін өзгерістерді әзірлеуде. Ғалымдар алдын алу және емдеудің кез келген хаттамалары адамның белгілі бір ауруларға генетикалық бейімділігін ескеруі керек деп санайды. Дәрілік препараттарды таңдау және тиімділігі генетикалық ерекшеліктерге де байланысты болмақ.  

Атап айтқанда, ғылыми, медициналық білім беру ұйымдарының үздік өкілдерін қамтитын зерттеу тобы химерлік антигендік рецепторларды [CAR-T] экспрессиялайтын аутологиялық генетикалық түрлендірілген Т-лейкоциттерді алу және CAR-T-лимфоциттерді лейкозбен ауыратын науқастарға бейімдеуші иммунотерапия үшін қолдану технологияларын жасауда.

«С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ ғалымдарының күшімен гендік-клеткалық технологиялар негізінде органдар мен жүйелердің жоғалған функцияларын қалпына келтіретін және алмастыратын терапияға арналған клиникалық тәжірибеге енгізу үшін жоғары регенеративті потенциалы бар дербестендірілген жасуша трансплантаты дайындалуда.  

Қазақтардың ДНҚ және геномын зерттеу

Дүниежүзілік тәжірибеде алғаш рет қазақстандықтардың ДНҚ-сы мен геномына әртүрлі ауруларға, соның ішінде вирустық инфекцияларға, туберкулезге, сүт безі қатерлі ісігіне, циррозға, миокард инфарктісіне және т.б. жалпы патологияларға бейімділігін зерттеу және анықтау үшін толық ауқымды зерттеулер жүргізіледі.

Қазақ ұлттық медицина университеті ғалымдары қолға алған ғылыми бағдарлама қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсерін зерттеуді, фармакогенетиканы және медицинаның басқа да өзекті салаларын қамтиды.  
       
Дизайн
HTML Код
Просмотр

Дизайн
HTML Код
Просмотр
перевод строки перенос
«« | »»
Соңғы жаңалықтар