Қазақстан ғылымы

NOBEL FEST форумының қонақтары елімізде

28.10.2022

1088

Кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Nobel Fest құрметті қонақтарымен, ИЫҰ ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі Мұхаммед Икбал Чоудхари және «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі халықаралық комитеттің төрағасы, Нобель сыйлығының лауреаты Чунг Рае Квонмен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамудың жаһандық трендтерін талқылады.

Кездесу барысында Саясат Нұрбек шетелдік қонақтарға жоғары білім саласындағы елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар және отандық ғылым саласын қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Қазақстан Болон процесінің қағидаттары негізінде жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігін құру туралы бастама көтерді. Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілген, қос диплом бағдарламалары енгізіліп, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалып, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 16 қазақстандық жоғары оқу орны QS рейтингіне енді. Бұл ретте қазақстандық жетекші университет саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингтің алғашқы 200-іне кіреді», – деп атап өтті министр.

Министрдің қатысуымен өткен отырыс қорытындысы бойынша «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы Д. Қожамжарова мен профессор Рае Квон Чунг Шымкентте «Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығын» құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Орталық тұрақты өсу, жасыл технологиялар және климаттың өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін азайту қағидаттарына негізделген экономикалық дамудың жаңа моделін жүзеге асыратын болады.

https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim/photos/pcb.140313408752863/140312812086256

«« | »»
Соңғы жаңалықтар