Қазақстан ғылымы

Шетелдік ғалым ауаны зерттеу саласы бойынша дәріс оқыды

27.10.2022

1108


Адам денсаулығының басты кепілі – таза ауа, таза табиғат. Дамушы елдерде дәл осы ауаның ластануынан мезгілсіз өлу себептері анықталған.
Отандық ғалым Насиба Байматова Қазақстанда экологиялық проблемалардың бірі болып табылатын ауа қабатын зерттейтін институттың жоқтығын, ауаның сапасы бойынша мамандардың да санаулы ғана екенін алға тартады. Университеттерде (НУ-дан басқа) ауа сапасы бойынша арнайы курстар жүрмейді. Сондықтан ол мүмкіндігінше өз командасының біліктілігін арттыруға барынша күш салып келеді.

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде биосфера зертханасының экология қызметкерлеріне метеорологиялық және ауа сапасының мәліметтерін талдау бойынша «Ауаның сапасы туралы мәліметтерді талдау» тренингі өткізілді. Дәрісті АҚШ Мемлекеттік департаментінің ауа сапасы бойынша штаттан тыс маманы, доктор Ранил Дхаммапала оқыды. Бұл туралы Насиба Байматова өзінің әлеуметтік желідегі https://www.facebook.com/nassiba.baimatova парақшасында жазады.

Тренингте Американдық Метеорологиялық Қоғам, АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) және Нормативтік модельді жетілдіру комитеті әзірлеген AERMOD View бағдарламасын нақты зерттеді. Lakes Environmental Software әзірлеушілері тренингтер барысында AERMOD View бағдарламасының толық нұсқасын ұсынды.

AERMOD атмосфералық дисперсиялық модельдеу жүйесі үш модульді қамтитын күрделі жүйе болып табылады: Стационарлық дисперсиялық модель атмосфераға негізінен стационарлық өнеркәсіптік көздерден ластаушы заттардың тікелей шығарындыларын қысқа қашықтықта дисперсиялауға арналған.

«Dr. Ранил BR10965258 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жабдықталған зертхананы және PM2.5 сынама алғыштар орнатылған алаңды көріп қайтты. Метеорологиялық көрсеткіштердің атмосфералық ауаның ластану сипатына әсер ету мәселелері біздің елімізде аз зерттелген және біз объективті көрініс алу үшін бар күш-жігерімізді салудамыз», – дейді Насиба Байматова.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар