Қазақстан ғылымы

Ахмет Байтұрсынов Франция төрінде

04.10.2022

1131


Францияның төрінде Парижде «Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» атты конференция болып өтті. Бұл конференция UNESCO көлемінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
UNESCO пәтерінде басталған іс-шара модераторы ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов тағайындалғанын айта кетуіміз керек.
Жиын «Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы» атты бейнероликпен басталды.
Юнеско жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Франциядағы және Монако княздігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова ҚР Президентінің құттықтау сөзін оқыды. UNESCO Бас директорының орынбасары Син Цюй да құттықтау сөзін сөйледі.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаева Париж төрінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазының феномені» тақырыбында француз тілінде тарихи баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев, Әзербайжан тілдер университеті Түркия зерттеу орталығының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент Эльчин Ибрагимов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов, Саясаттану ғылымдарының докторы (Германия) Әбділқаюм Кесіжі, «Егемен Қазақстан республикалық газеті» ЖШС-нің Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Диқан Қамзабекұлы, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің профессоры, Dr (Германия) Хулия Касапоғлы Ченгел және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, ф.ғ.к. Ербол Тілешов баяндама жасады.
Конференция соңында «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары (қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерінде)» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Тағы бір айта кетерлік жайт, тарихи жиынға Тіл білімі институтының бір топ қызметкері, атап айтқанда ф.ғ.д., профессор Жамал Манкеева, ф.ғ.д., Бағдан Момынова және институт директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжан қатысты.
https://www.facebook.com/photo?fbid=792131148808028&set=pcb.792131508807992

«« | »»
Соңғы жаңалықтар