Қазақстан ғылымы

Алматы облысынан палеолит дәуірінен қалған заттар табылды

23.06.2022

1648

ҚР Ұлттық музейі палеолит дәуірінен қалған заттарды тапты. Ғалымдар бұл сол дәуірдегі бірнеше қабатты тұрақ деп отыр.

Тарихи орыннан орта тас дәуірі, кейінгі палеолит және неолит дәуірлеріне жататын артефактілер анықталды. Бұдан бөлек жануарлардың сүйектері, көмір қалдықтары да бар. Зерттеуге Германияның Тюбинген университетінің мамандары, Испания, Грекия, Германия, Америка елдерінің зерттеушілері де қатысуда. Жетекшісі академик Жәкен Таймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тарихшы ғалым Жәкен Қожахметұлының жетекшілігімен орыс, неміс, жапон ғалымдарымен бірлесіп экспедициялар ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде Қаратау жотасынан 85 үңгірді тапқан. Ол палеолит дәуіріне тиесілі дейді ғалым. Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгіріне арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгісі анықталған. Бұл орта тас дәуіріне жататын күлдің қалдығынан белгілі болды.


Материал https://www.facebook.com/www.qrum.kz деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар