Қазақстан ғылымы

Нұрғиса Есіркегенов - «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпазы

25.11.2021

46

«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы әртүрлі сала бойынша «Дарын-2021» жеңімпаздарын анықтап, жүлделерін табыстады. Оның ішінде «Ғылым» саласы номинациясы бойынша «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығы жас ғалым Нұрғиса Есіркегеновке бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғиса Есіркегенов іргелі математика саласын зерттеп жүрген ғалым.

Ол 2020 жылғы ҚР БҒМ ҒК дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, 2013 жылғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I дәрежелі дипломының және басқа да ғылыми-практикалық конференциялар жүлделерінің иегері.

Бұдан бөлек ғылыми жетістіктері үшін жас ғалымдарға арналған «Santander Mobility Grant» (Ұлыбритания, 2017 ж.), «Heidelberg Laureate Forum Grant» (Германия, 2017 ж.), «Doris Chen Merit Award» (Ұлыбритания, 2018 ж.), «Doris Chen Mobility Grant» (Ұлыбритания, 2018), Аксиомалар сыйлығы (Швейцария, 2018) және Лондон математикалық қоғамының «Early Career Fellowship» гранты (Ұлыбритания, 2019) сияқты беделді халықаралық марапаттарды алған.

Нұрғиса Есіркегенов ұсақ бөлшектердің қозғалысын есептеу бойынша ғылыми мақалалардың авторы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар