Қазақстан ғылымы

Қазақстандық студенттер Нобель сыйлығының иегерін тыңдады

08.10.2021

81

Қазақстан және Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен студенттері экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенстің баяндамасын тыңдады.

Бұл шара С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да ұйымдастырылды. Майкл Спенс кім? Нобель сыйлығын не үшін алды? Ол экономика саласын зерттеп, осы саланың тиімді дамуына өзіндік үлесін қосқан профессор. Ақпараттық ассиметрияға талдау жұмысын жүргізгені үшін 2001 жылы Нобель сыйлығын иеленген болатын.

Қазіргі технология дамыған уақытта экономикаға тиімді өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Бұл басқосуда осы өзгерістердің жаңа дәуірі тақырыбы талқыланды. «Жаһандық экономиканың жаңа дәуірі: цифрлық революция, энергияның ауысуы, климат және полюстерінің кері кетуі мен әлемді үрейлендірген COVID-19 пандемиясы салдарынан экономиканың қайта түлеуі» жөнінде пікірлер айтылды.

Ақпараттық экономика, даму экономикасы, монополиялық бәсекелестікті зерттеген ғалым жалпы адамзат үшін экономикалық дамудың маңызды көрсеткіштеріне тоқталды. Яғни, әлемдік экономика, цифрлық даму, экологиялық оңалу, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салалардың жаңа үрдістеріне талдау жасап берді. Майкл Спенс бүгінгі жағдайға байланысты тоқырауға ұшырамаудың басты жолы – қазірден еңбектену екенін айтады.

Материал https://www.inform.kz/kz/nobel-syylygynyn-laureaty-kazakstan-studentterimen-kezdesu-otkizdi_a3846416 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар