Қазақстан ғылымы

Алматыда онкологиялық ауруларды емдейтін Томотерапия орталығы ашылды

06.10.2021

108

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Томотерапия орталығы ашылды. Бұл орталықта балалар мен үлкендерге «Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия» жоғары технологиялық медициналық қызметтері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ұсынылады.

Томотерапия орталығында америкалық Accuray компаниясы жасап шығарған заманауи, дәлдігі жоғары «Radixact X9» жүйесінде жылына 12000-ға дейін сеанс жүргізуге болады.
Бұл Орталық Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен осы жобаның негізгі инвесторы болып табылатын түріктің «Orhun Medical» компаниясы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылып отыр. Тікелей инвестиция көлемі 6,5 миллион долларды құрайды және 70 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде кемінде 65% -ы медициналық және мейірбикелік персонал болады.

Radixact X9 жүйесі томотерапияның жаңа буынға арналған, әлемдегі басқа жүйе сияқты емес, ем қабылдауды едәуір қолжетімді етеді.
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға өмірлік жағдайын қалпына келтіретін дәл және тиімді ем қажет. Емдеу нәтижелерін жақсарту үшін мамандарға жоғары технологиялық және тиімді жүйелер қажет. Radixact X9 жүйесі емдеуді интеллектуалды жоспарлауға, пациенттер туралы деректерді орталықтанндыра отырып басқаруға және емдеуді өте дәл жеткізуге арналған толық интеграцияланған платформамен қамтамасыз етеді.

Сәулелік терапия (СТ) – химиотерапия және жедел емдеумен қатар жүретін қатерлі ісік ауруларын емдейтін негізгі емнің бірі. МАГАТЭ ұсынымдарына сәйкес, сәулелік терапия қатерлі ісіктердің бастапқы кезеңіндегі науқастардың 60-70% пайызының жоғары технологиялық сәулелік терапия әдістерін 80% -дан астам жағдайларда міндетті түрде қолдануы тиіс.
Бұған дейін Томотерапия орталығы тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана жұмыс істейтін.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында сәулелік терапия қызметтерін көрсетуде, әсіресе жоғары технологиялық техниканы қолдану тұрғысынан жетіспеушілік басым. Сондықтан жаңадан ашылған бұл Орталық қарапайым халықты қыжалатынан шығарады деп сенеміз.

Материал https://onco.kz/ деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар