Қазақстан ғылымы

Аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған пластикалық бұйым

09.09.2021

2476

ЕРБОЛАТ МАРАТҰЛЫ ІЗТІЛЕУОВ
акушер- гинеколог, сәулелік диагностика дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, онколог, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Практикалық дағдылар орталығының басшысы.


І Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесі өтуде.


Көрме жастардың ғылыми-инженерлік ой саласындағы үздік жетістіктерін танымал етуге және дамытуға, озық тәжірибені таратуға және аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді көрсетуге көмектеседі, дейді ұйымдстырушылар. Сондай-ақ, көрме қорытындысы бойынша Қордың көтермелеуіне ұсынылатын ғылыми жобаларды анықтау жоспарлануда. Көрменің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Үміткерлер арасында медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Ерболат Маратұлы Ізтілеуовтің 3D принтерде басылған пластиктен жасалған аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған бұйымы көпшілікке қажет-ақ.

Сипаттамасы: Медициналық бұйым PLA+ затынан 3Д принтерде басылып шығарылған. Электрондық ресурстардағы қолданыстағы модельдерді зерделей отырып, біз травматолог дәрігерлердің ұсынымдары мен тілектерін ескеріп, еркін қолжетімділіктен алынған модельді өзгерттіп, пысықтадық. Бұл материалдың балқу температурасы +70-80 граду, бұл жайт термиялық әсер ету арқылы оны өзгертуге мүмкіндік береді, демек емделушінің аяқ-қолына иммобилизация (қимылсыздықты жасау) үшін жекелей келістіруге мүмкіндік береді. Торлы құрылымға ие, бұл тіндердің ісінуі кезінде ауырсынуды азайтады. Кейіннен ісіну азайған кезде, мобилизацияны түзету үшін қайта термиялық әсер ету мүмкіндігі бар. Материал рентген сәулелерін өткізеді, бұл дұрыс орналастырылған иммобилизацияны визуализациялау үшін маңызды.

Ерболат Маратұлы бұл салада 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өзінің жетекшілігімен шәкірттері 2018 жылы Қазақстан медицинасына 3D технологиясын енгізу грантын жеңіп алған. Осы тәжірибеден кейін ғалым аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған пластиктен жасалған материалдарды клиникалық сынақтан өткізеді. Материал 3D принтерінен басылдып шығарылады. Бұл жұмысқа ол арнайы мамандарды да тартады.
– Бұл материал гипске ұқсас. Біріншіден, оның гигиеналық тазалығы өте жоғары, ылғалға төзімді, жеңіл әрі денені тітіркендірмейді, – дейді Е.Ізтілеуов.
Оның айтуынша, жақында жаңа туған сәбиге арнап салмағы 500 г ғана болатын арнайы корсет дайындаған. Анасының көңілінен шыққан. Бұдан бөлек қолдың саусақтарына арналған қаптар дайындалды. Бұған дейін сынған саусаққа дүңкиген қаптар кигізілетін болса, Ерболат Ізтілеуовтің дайындаған материалдары жұқа әрі ыңғайлы. Ол болашақта ота жасауға ақауы бар науқастарға арнап силикон үлгілерін, протездерді басып шығаруды жоспарлап отыр.

Материал https://scienceforum.kz/korme/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар