Қазақстан ғылымы

Генетикалық тестілеу - келешек кепілі

31.01.2023

399

 

Отандық ғалымдар адам денсаулығын алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін генетикалық тестілеуді жасап шығарды. Бұл тест арқылы түрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік бар.  

Ұлттық биотехнология орталығының бұл жаңалығы ата-анасынан баласына берілетін тұқым қуалайтын белгілерді анықтауға септеспек. Ол үшін адамның ауыз қуысынан болмаса қанынан сынама алынып, санаулы күндер ішінде тексеріледі. ДНҚ зерттеліп, нәтижесі шығарылады. Қорытынды бойынша түрлі окологиялық, психикалық, гемофилия тұрғысынан ағза жағдайына баға беріледі. Тест тапсырған адам осы сияқты ауруларға шалдығу мүмкіндігін алдын ала біле алады. 

Генетикалық талдау — организмнің тұқым қуалаушылық қасиетін (оның генотипін) тексеретін әдістер жинағы. Қойылған мақсатқа және зерттейтін организмнің ерекшеліктеріне сай генетикалық талдау популяциялық,организмдік, торшалық, молекулалық дәрежелерде жүргізіледі. Генетикалық талдау негізгі құралдарына сұрыптау, будандастыру, цитогенетика, популяциялық, мутациялық және молекулалық-генетикалық әдістері жатады. 
 
Ғалымдардың айтуынша, құқық қорғау органдары, әскерилер және ұшқыштар үшін генетикалық паспорт аса қажет. Себебі, алда-жалда апатқа ұшыраған адамның ДНҚ-сын анықтау қажет болады. Сол кезде бұл паспорт маңызды болмақ. Ғалымдар жұмыс жасайтын зертханада клиникалық зерттеулер дерекқоры бар. Яғни, нақты талдау жасалады. Мысалы, Орталықтың ғылыми қызметкері Талғат Утупов жатырда жатқан баланың денсаулығын, тұқым қуалаушылық аурулардан амандығын білумен қатар, оның қай спорт түріне бейім екенін де анықтауға болатынын айтады. Бұндай сынама талдаулар екі жетідей уақытта жүргізіледі. 

Материал https://www.youtube.com/watch?v=d9qs350PFp4 деректері бойынша дайындалды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар