Қазақстан ғылымы

Аусылға қарсы жаңа вакцина жасауды француздар қаржыландырады

29.11.2022

281

Елімізде мал шаруашылығындағы асыл тұқымды жетілдіру, генетика саласы бойынша осы салада 60 жылдан астам уақыт бойы әлемдік көшбасшылардың бірі болып келе жатқан француздық Evolution International ұйымымен жаңа байланыс орнауда. Бұл ұйым Қазақстанның кәсіпкерлері мен ғалымдарын мал шаруашылығында генетиканы дамыту жобаларына шақырып отыр. Осы байланыс аясында Boehringer Ingelheim компаниясының ветеринарлық денсаулық бөлімінің басшысы Найджел Свифт Даквим аусылға қарсы вакцина өндіру технологияларын трансферттеу ниеті туралы мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Boehringer Ingelheim 1885 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан отбасылық фармацевтикалық компания. Әлемнің түкпір-түкпірінде 47 мыңнан астам қызметкері жұмыс істейді.

KAZAKH INVEST баспасөз қызметінің хабарлауынша, Evolution International Қазақстанмен селекция, эмбриондарды трансплантациялау, жануарларды генотиптеу, асыл тұқымды құндылық индекстерін анықтау, генетикалық аурулар және т.б. салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Сондай-ақ компания Қазақстанның мал шаруашылығы саласында генетика мен биотехнологияларды дамыту және білім алмасу арқылы қазақстандық ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қазақстандық бизнес-қауымдастықпен бірлескен жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы https://apk-news.kz жазды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар