Қазақстан ғылымы

Ресейде жабық циклді ядролық энергетика қалыптастырылады

07.10.2022

1248

Ресейде жабық циклді ядролық энергетика қалыптастырылады

Белоярск АЭС-індегі (Ресей) BN 800 реакторы МОКС отынына ауыстырылды.

Ядролық энергетиканың іргелі мәселелерінің бірі – радиоактивті қалдықтарды сақтау мен көмуге байланысты туындайтын тәуекелдер.

Ядролық қалдықтарды өңдеу және жабық отын циклін құру мүмкіндігі МОКС отынын (Eng. Mixed-Oxide fuel – бөлінетін материалдардың оксидтерінің бірнеше түрін қамтитын ядролық отын) пайдалануды береді.
Ресейлік дереккөздер (https://www.atomic-energy.ru) 2022 жылдың 22 қыркүйегінде Белоярск АЭС-інің БН-800 реакторы бар №4 энергоблогы алғаш рет МОКС отынымен ядроның толық жүктелуі 100% қуат деңгейіне жеткізілгенін хабарлады.

Атом өнеркәсібі үшін дәстүрлі болып табылатын байытылған уранды ВВЭР реакторларынан пайдаланылған отынды өңдеу кезінде алынған плутоний диоксиді және таусылған уран оксиді арқылы өндірілетін МОК отын таблеткалары алмастырады. Мамандар бұл оқиғаны ядролық энергетиканың отын базасын ондаған есе ұлғайтуға және өндіріс қалдықтарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін жабық ядролық отын циклі технологияларын құру жолындағы маңызды қадам деп санайды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар