Қазақстан ғылымы

Жас ғалымдармен жаңа министрдің кездесуі

29.06.2022

260

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Astana It University-де жас ғалымдармен кездесті. Министр мен жастар Қазақстан ғылымын дамытуды, оның ішінде Ұлттық ғылыми кеңес жұмысын жетілдіруді, халықаралық сарапшылық кеңесті құруды, талдау орталығын құруды талқылады. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда туындайтын, құрал-жабдықтар, реагенттер сатып алу, тағы басқалар сияқты түйткілді мәселелер айтылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жас ғалымдар кеңесінің атынан Yelaman Aibuldinov, Жас ғалымдар альянсынан Асия Ермухамбетова Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығының өкілі Гүлбиғаш Омар, осы және басқа да бірлестіктердегі еліміздің жас ғалымдары: Bulat Kenessov, Максат Жабагин, Kuat Akizhanov, Kairat Moldashev, Индира Рыстина, Almas Junisbay, Жүсіпбек Мухатаев т.б., қатысып, өздерінің ғылымға қатысты ұсыныстарын жеткізгенін айтып өтті. «Постдокторантура, университеттердің автономиясын одан әрі дамыту, жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі, Ұлттық ғылым академиясының трансформациясы – бұл тақырыптардың бүгінде неге мұндай эмоционалды реакция тудырғанын түсінемін», дей келе министр ашық әңгіме айтып, пікірлерін ортаға салған жастарға алғысын білдірді.

«Өз атымнан қаржыландыру мен есеп беру тәртібін жеңілдетуге, ғылымды шамадан тыс бюрократиялық кедергілерден арылтуға, ғалымдар есеп беру үшін емес, өз идеяларына шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде бердім.
НҚА-ға жоспарланған өзгерістердің жобаларын сарапшылық талқылаулар мен қоғамдық ой елегінен өткізу үшін тағы бірнеше рет кездесеміз», - деп жазбасын қорытындылайды Саясат Нұрбек.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар
29.07.2022