Қазақстан ғылымы

Серотониннің мөлшерден тыс көлемі адреналинді азайтады

25.06.2022

400

Әр мемлекеттен құралған бір топ ғалымдар омыртқалы жануарлардың, атап айтқанда кеміргіштердің бүйрек үсті бездерінің түзілуіне серотониннің («бақыт гормоны») әсерін зерттеді. Зерттеу барысында жүктіліктің белгілі бір кезеңінде серотонин деңгейінің жоғарылауымен нәрестелерде адреналин мен норадреналин шығаратын бүйрек үсті бездерінде жасушалардың аз түзілетіні анықталды. Бұл өзгеріс кеміргіштерді агресшіл болудан гөрі тыныш әрі жан жағына әуесқойлығын басым қыла түсті дейді ғалымдар. Бүйрек үсті бездерінің мөлшерін реттеудің осы сияқты механизмі адамның дамуында да анықталған.

Омыртқалы жануарлардың, оның ішінде адамдардың мінез-құлқы тек мидың белсенділігімен ғана маңызды емес: қиын жағдайларда тез шешім қабылдау үшін эндокриндік жүйенің жұмысы да үлкен маңызға ие. Оның бездерінің бірі – бүйрек үсті бездері – бүйректің жоғарғы бөлігінің үстінде орналасқан жұптасқан мүшелер. Қауіп немесе физикалық күш салу сияқты стресстік факторларға жауап ретінде олардың ішкі жасушаларына – миға, қанға адреналин мен норадреналин бөледі.

Белгілі бір жағдайда жылдам ойлану, қимылдау және қорғаныс стратегиясын жүзеге асыру қабілеті дәл осы хромаффинді жасушалардың белсенділігіне байланысты. Өздерінің прекурсорларынан дифференциациялану процесінде хромафин жасушалары бетінде «бақыт гормоны» серотонинге арналған рецепторлық ақуыздарды құрайды. Бірақ бұл рецепторлардың белсендірілуінен кейін не болатыны әлі де құпия болып отыр, дейді ғалымдар.

Материал https://www.nature.com/articles/s41467-022-30438-w деректері бойынша дайындалды.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар