Қазақстан ғылымы

Әлемге әйгілі отандастар

15.10.2021

285


Отандық ғылымға көңіл бөлінгелі бері, ғалымдарымыздың да еңбегі жарыққа шыға бастады. Өз ғалымдарымыздың да бұл салада құралақан еместігін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардан байқаймыз. Әрине, ғылым тақырыбына қалам тартқан басылымдар саусақпен санарлық. Дегенмен, «Егемен Қазақстан» бұл салаға бір айдарын арнаған. Соңғы санындағы әлем мойындаған ғалымдар туралы мақала көңіл қуантады.

Біз білмегенмен, әлем таныған, әсіресе физика-математика саласының ғалымдары құрметтейтін Темірғали КӨКЕТАЕВ «Outstanding people of the 20 th century», яғни XXI ғасырдың көрнекті адамы атанған. Бұл атақ «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» атты 25 жылдық еңбегінің нәтижесі. 100 жылда бір берілетін атақ бізге бұйырды, деп жазады «Егемен Қазақстан».
Ғалымның өзі физика саласына сіңірген еңбегін жоғары бағалай отырып, осы атаққа оның кандидаттығын Жапонияның ғылыми институты ұсынғанын атады.
Екінің біріне бұйыра бермейтін мұндай құрмет үшін ғалымның еңбегі 5 жыл қаралған екен. Медалі мен дипломы 1999 жылы пошта арқылы табысталған. Темірғали Көкетаевтың ғылыми жетекшісі Ч.Лущик: «Ұлы орыстың өзі Оксфордта дәріс оқыған жоқ. Сен Оксфорд университетінде дәріс оқыған тұңғыш қазақсың!» деп, ризашылығын білдірген екен.

Биолог Қайша АТАХАНОВА да 2005 жылы «The Goldman Environmental Prize» халықаралық сыйлығын иеленді. Бұл марапатты 1990 жылы қоғам қайраткері Ричард Голдман және оның жұбайы Родо бекіткен.
Қайша Атаханова радиациядан пайда болатын генетикалық ауытқуларды зерттеген маман. Бұл саланы зерттеуге жақындарының қатерлі ісік ауруына шалдығуы себеп болса керек. Ол радиясының тірі жанға тиізетін зиянын Семей полигоны арқылы зерттеген.
30 жыл бойы шешімі табылмаған есептің жауабын тапқан Уалбай ӨМІРБАЕВ тағы бар.
Франция медицинасының докторы Жанар ТӨРЕБАЕВА да отандасымыз екен.
Ол 1990 жылы Петербургтегі медицина институтының «Педиатрия» факультетін бітіріп, Алматыдағы Ғылым академиясында жұмыс істеген.

Материал https://egemen.kz/article/292777-alem-moyyndaghan-qazaq-ghalymdary?fbclid=IwAR3i4fL7Z4TmgIl5MEe-W5sij6k1xpOOMWXkqnNikZXEjAxL8OYcJJYMgB4 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар