Қазақстан ғылымы

Аллергия мен психикалық өзгерістер арасында байланыс бар ма?

06.10.2021

214

Британдық ғалымдар Ұлыбритания биобанкінің деректерін талдай отырып, аллергияның көріністері көбінесе психикалық бұзылулармен бірге жүреді деген ғылымдағы пікірді растады. Алайда, мендельдік рандомизация әдісімен шығарылған генетикалық талдау нәтижелерінің математикалық өңдеуі аурудың осы екі тобы арасындағы себептік байланысты анықтамады. Мақала Британдық аллергия және клиникалық иммунология қоғамының Clinical and Experimental Allergy журналында жарияланған, деп жазады https://ria.ru.

Бұған дейінгі зерттеулер психикалық денсаулық пен демікпе, атопиялық дерматит және шөп безгегі сияқты жалпы аллергиялық белгілер арасында қандай да бір байланыстың барын байқатты. Бірақ бұл байланыстың сипаты түсініксіз болып қала берген. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар аллергиялық аурулары бар адамдар әдетте депрессияға, мазасыздыққа, невротизмге бейім екенін атап өтті. Дегенмен ол психикалық өзгерістер аллергиядан туындайды деген сөз емес.

Аурудың екі тобының көрінісін жеке-жеке талдау үшін Бристоль мен Эдинбург университеттерінің зерттеушілері UK Biobank биобанкінен емделушілердің деректерін өңдеу үшін мендельдік рандомизация әдісін қолданған. Бұл оларға нақты аллергиялық ауруларды анықтайтын генетикалық нұсқаларды анықтауға мүмкіндік берді, содан кейін психикалық бұзылулармен байланысын тексерді.
Нәтижесінде, аллергиялық аурулар мен психикалық денсаулық арасында тұрақты байланыстардың бар екені, бірақ олардың арнайы талдауда байқалмайтыны анықталған.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар