Қазақстан ғылымы

Мемлекет басшысы «Otarbiopharm» зауытында болды

05.10.2021

2281

Жамбыл облысындағы сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына қарасты QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтика зауытына барды.

Президент зауыт жұмысымен танысу барысында вакцина өндірісінің технологиялық желісін, зертханалық жабдықтар мен мобильді реакторларды қарады. Сондай-ақ, аталған ҒЗИ жұмысын жетілдіру жоспарымен танысты.
Болашақта зауыт халықаралық стандарттарға (GMP) сай, иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер шығармақшы. Толығырақ айтар болсақ, коронавирусқа, тұмау мен туберкулез, бруцеллезге қарсы вакциналар. ҒЗИ бас директоры Күсұлу Закарьяның айтуынша, зауыттан жылына препараттардың 60 миллионға дейінгі дозасы дайындалады деп жоспарланған. Жоба құны 15,6 миллиард теңгені құрайды.
Мемлекет басшысы отандық вакцинадлан зор үміт күтуде. Себебі, ТМД елдері арасынан Қазақстан мен Ресей ғана каронавирусқа қарсы вакцинаны шығаруда. Енді QazVac көмек ретінде басқа мемлекеттерге жол тартпақ. Тоғыз айдың ішінде каронавирусқа қарсы вакцинаны жасаудың күрделі процесс екенін айтқан Президент, зауыт қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады.

Бұдан бөлек, ҒЗИ қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлерді аралап, көрді. Қазіргі таңда 180 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Оған республикалық бюджеттен бөлінген 2,3 миллиард теңге бөлінді.

Материал https://www.akorda.kz/ деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар