Қазақстан ғылымы

Ғалым зауыт қалдықтарынан цемент клинкерін шығаруды ұсынды

15.09.2021

2451

Жақында болып өткен І халықаралық жас ғалымдар форумында жас ғалым Балқаш концентрация зауытының қалдықтарынан цемент клинкерін шығаруды ұсынды.

Техника ғылымдарының кандидаты Александр Колесников Балқаш көлінің жанында орналасқан қалдықтар қоймасын тілге тиек етті. Оның айтуынша, ол жерде химиялық құрамы жағынан қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін байытудан кейін бірнеше тоннаны құрайтын қалдықтар жиналып қалған.

Анықтама:
Александр Колесников
техника ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, Халықаралық экология, адам қауіпсіздігі және табиғат ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.

Ғалым Балқаш аймағының қоршаған табиғи ортасына антропогендік жүктемені азайту мақсатында байыту қалдықтарына физикалық-химиялық зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде қалдықтарды жоғары температурада өңдеу арқылы кәдеге жаратуға болатынын анықтаған. Осылайша қалдықтарды екінші шикізат ретінде пайдаланып, цемент клинкерін алу технологиясы пайда болып отыр.

Жас ғалым байыту қалдықтары мен әктас негізінде шикізат қоспасын оңтайландыруды есептеп, Балқаш байыту фабрикасының байыту қалдықтарының химиялық-минералогиялық құрамы силикат өнеркәсібінде қолданылатын материалдар композициясына жақын екендігін анықтаған. Сонымен қатар, байыту қалдықтарының құрамындағы кремний, алюминий және темір оксидтері цемент клинкерін алуда шикізат қоспасының темір-алюмосиликатты шикізаты ретінде кешенді өңдеудің ғылыми және экономикалық қызығушылығын арттырады.

Сонымен, байыту қалдықтарын қайталама минералды шикізат ретінде өңдеу әлемнің дамыған экономикасы мысалында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қоршаған ортаға және Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына антропогендік әсерді төмендетуге көмектеседі.

Материал https://bilimdinews.kz/?p=168512 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар