Қазақстан ғылымы

Ғылымдағы тұлғалар - Заядан Болатхан Қазыханұлы

13.09.2021

127

Заядан Болатхан Қазыханұлы
биология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі

1984 жылы Ұланбатыр қаласындағы Монғолия мемлектеттік университеті табиғаттану факультетін "Биофизика" және «Биологиядан оқытушы» мамандығы бойынша үздік бітіріп, Монғолия Ұлттық Ғылым Академиясы (МҰҒА) Жалпы биологиялық зерттеулер институтының микробиология лабораториясында кіші ғылыми қызыметкері,

1988 жылы МҰҒА Биотехнология институтның Микробиологиялық синтез лаборториясында ғылыми қызыметкері болып істеді.

1989-1990 жылдары Москва қаласындағы К.А. Тимирязев атындағы «Өсімдіктер физиологиясы институтының альгология лабораториясында» стажер-зерттеуші,

1990-1992 ж. Ленинград Мемлекттік университетінің Биотехнологиялық орталығында «Фотобиотехнология» ғылыми бағыты бойынша стажер-зерттеуші,

1993-1996 ж.ж. Санкт-Петербург университетінің генетика және селекция кафедрасында аспирантурада оқып, 1996 ж. осы кафедрада 03.00.15 - генетика мамандығы бойынша «Генетический анализ мутантов Chlamydomonas reinhardtti, устойчивых к норфлуразону» тақырыбында қорғап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

1996-1997 ж. Санкт-Петербург университеті Биологиялық Ғылыми зерттеу институтының микроорганизмдер генетикасы лабораториясының аға ғылыми қызыметкері,

1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің экология кафедрасы доценті қызымет атқарды. 2000 жылы Үндістанның Хайдарабат, Дели қалаларында 3 ай сынақ мерзімін өткізді.

2001 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің микробиология кафедрасының доценті, 2002 жылы осы университетте докторантурада оқыды және дәріс берді. 2003 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімен бойынша "доцент" ғылыми атағы берілді.

2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің микробиология кафедрасының профессоры болып істейді.

Осы аталған кафедрада 2009-2015 жылдар аралығында кафедра жетекшісі қызметін атқарған.

2006 жылы 03.00.16 - экология; 03.00.07 - микробиология мамандықтары бойынша «Роль фототрофных микроорганизмов мониторинге, функционировании и ремедиации водных экосистем» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. ҚР БҒМ БҒ саласындағы ҚА комитетінің 2008 жылы 30 мамырдағы шешімімен «профессор» ғылыми атағы берілді.

Заядан Б.К. бакалавр студенттер, магистранттар, аспиранттар және PhD-докторанттарға дәріс оқумен бірге олардың бітіру жұмыстарына жетекшілік жүргізеді. Оның жетекшілігімен Қазақстанда 4 кандидаттық диссертация, 10 магистрлік диссертация дайындалып қорғалынды.

Ғылыми зерттеу нәтижелерінде алыс, жақын шет елдер және Қазақстанда 150 -дей ғылыми жұмыстар, 3 авторлық куәлік және 2 оқу құралы жарық көрді. Ол алғаш Қазақстан Республикасында фототрофты микроорганизмдер фотобиотехнология лабораториясын ұйымдастырып, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Заядан Б.К., Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қаржыландыратын іргелі ғылыми бағдарламалар мен халықаралық жобалардың жетекшісі.

Заядан Б.К., халықаралық конференциялар мен ғылыми семинарларға қатысумен қатар (Урумчи 2003ж, Сянь, Санкт-Петербург 2004ж, Стамбул 2008ж) Қытай, Германия, Ресей, Түркия, Монғолия және Үндістан ғылыми лабораторияларымен тығыз байланыста біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-ұйымдастыру және оқытушылық қызметіне қосқан үлесі үшін Б.Қ. Заяданға «әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ -дың ең үздік оқытушысы» жеңімпазы және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2008 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді.

Екі ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірді. Осы ұл-қыздарынан 4 немере сүйіп отыр.

2015 жылдан бері ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Екі ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірді. Осы ұл-қыздарынан 4 немере сүйіп отыр.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар