Қазақстан ғылымы

Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

18.03.2021

652

«Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ», – деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы.
Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын"-дейді баспасөз хатшысы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар
04.06.2021 Қазақстандық өнертапқыш жасаған ұшақты америкалық Boeing компаниясы сатып алды
25.05.2021 Қазақтың көне карталарын зерттеп жүр
25.05.2021 Күнсұлу Закарья: Тірі вакцина әзірлеп жатқан бізден басқа ел жоқ