А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері қазақстандық шикізат пен оның негізінде дәл бөлшектерді өндіру технологиясын пайдалана отырып, квази-энтропиялық қорытпаның (КВЭҚ) құрамын жасауда.
Қазіргі уақытта Қазақстанға орта және ауыр машина жасау үшін жоғары дәлдіктегі бөлшектердің көпшілігі шетелден жеткізіледі. Бұл ретте Қазақстандағы металлургия және құю өндірісінің даму деңгейі тиісті материалдардан өзіміздің бөлшектерді шығаруға мүмкіндік береді.
Бөлшектерді өндірудің өзіндік технологияларын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар өзекті міндет болып отыр. Бұл ғылыми бағдарламаның өзектілігін айқындайтын екінші жағдай – дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, қолданыстағы қорытпаларды жетілдіру мүмкіндіктері іс жүзінде таусылған.
Сонымен қатар, металлтанудағы жаһандық тенденция жоғары энтропиялық қорытпалар (ЖЭҚ) деп аталатын қорытпалардың жаңа класын құру болып табылады. Бұл қорытпаларға деген қызығушылық дәстүрлі қорытпалармен салыстырғанда жоғары деңгейдегі өнімділік қасиеттерін алу мүмкіндігімен байланысты. Дегенмен, жоғары өнімділік қасиеттеріне қарамастан, жоғары энтропиялық қорытпалар әлі практикада және өнеркәсіпте қолданысқа енгізілген жоқ, өйткені ЖЭҚ өндіру күрделі және қымбат процесс.
Бұл бағдарлама квазижоғары энтропиялық қорытпаны (КЖЭҚ) құруды ұсынады, яғни құрамы мен қасиеттері бойынша ЖЭҚ-ке ұқсас, бірақ өндіру қиын емес, сондықтан коммерциялық тартымдылығы да жоғары.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында оның аналогтары жоқ. Әлемдік аналогтардан айырмашылығы сол, қорытпаның мүлде жаңа фазалық құрамын және оның мақсатын айқындайтын қазақстандық шикізатты пайдалануында болып отыр (негізгі объектілер тау-кен металлургия секторындағы жабдықтардың дәл бөлшектері). Қазақстандық шикізатты пайдалану және негізгі қорлардың деңгейіне бейімделу әзірленген КЖЭҚ-тің коммерциялық тартымдылығын және оның негізінде бөлшектерді өндіру технологиясын анықтайды.
Күтілетін нәтижелер:
- қазақстандық шикізатты пайдаланатын КЖЭҚ жаңа құрамы;
- орташа және ауыр машина жасау, атап айтқанда тау-кен металлургия кешені үшін КЖЭҚ-тен дәл бөлшектерді өндіру технологиясын әзірлеу және енгізу;
- дәл бөлшектерді өндірудің әзірленген технологиясын пайдалана отырып, тәжірибелік үлгілерді алу.
Жаңа КВЭҚ-тен дәл бөлшектерді өндірудің әзірленген технологиясын енгізу арқылы қорытпаның ыстыққа төзімділігі, тозуға төзімділігі сияқты т.б. ерекше қасиеттерін жақсарта отырып, қолданыстағылармен салыстырғанда қызмет ету мерзімін 1,5-2 есе арттыруға болады.
Осы бағдарламаның қолданылу аясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС сияқты және т.б. кәсіпорындарға арналған металлургиялық және машина жасау өндірісі болып табылады.