Түймебай Әшімбайұлы Әшімбаев (1918 – 1995)
кеңестік қазақ ғалым-экономисі
Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1958), экономист, экономика ғылымдарының докторы (диссертация тақырыбы: «Өнеркәсіптің негізгі қорларының тиімділігін арттыру мәселелері (Қазақстан материалдары бойынша)», 1967), профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1983).
Еңбек қызметі:
1935 - 1941 жж - Қырғыз қаржы-экономикалық техникумында, Ленинград қаржы-экономикалық институтында оқыды.
1941 - 1945 жж – Ұлы Отан соғысына, Ленинградты қорғауға қатысқан. 1941 жылы шілдеде Ленинградтың Куйбышев аудандық әскери комиссариаты Кеңес Армиясы қатарына алдымен қатардағы жауынгер, сосын майданның саяси басқармасының саяси қызметкері болып шақырылды. 1942 жылы қарашада Ленинград майданының «На страже Родины» газетінің редакциясына қызметке жіберіліп, осы газеттің қазақ редакциясы («Отанда Қорғауда») штатына жұмысқа алынды. Редакцияда 1942 жылдың желтоқсанынан 1945 жылдың қарашасына дейін хатшы, аудармашы, редактор қызметтерін атқарды. Мұнда «кіші лейтенант», «лейтенант», «аға лейтенант» шендері кезекпен берілді.
Майдандық қолбасшылық тапсырмасын үлгілі орындағаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды.
1945 жылы – ЛҚЭИ студенті. 1945 жылдың қарашасында ол екі редакция қызметкерімен бірге жалған айыппен тұтқындалып, 1945-2008 жж. РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-тармағының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылды. 1946 жылы қаңтарда Ленинград әскери округінің Әскери трибуналы оны контрреволюциялық әрекеті үшін 2 жылға дисквалификациялаумен 6 жылға бас бостандығынан айырды, ол кінәсін мойындамады. 1951 жылдың қарашасына дейін Ленинград облысы Ішкі істер министрлігінің лагерьлерінде, Алтай өлкесіндегі Чистюнь лагерлерінде әділетсіз жазасын өтеген.
1951 жылы қарашада мерзімі аяқталған соң босатылды. Түймебай Әшімбайұлы айдауда өткен жылдар туралы «Олардың жақсы жақтары бар. Мен көптеген қызықты адамдармен жиі кездесуге мүмкіндік алдым. Бір ғажабы, олардың біздің шындыққа деген көзқарастары оларға қатысты айтылғанға қарама-қайшы болды. Бұл адамдар өздерінің деңгейіне, адамгершілігіне, біліміне, өмірлік тәжірибесіне, адамгершілік қасиеттеріне еліктеуге тұрарлықтай әсер қалдырды. Бұл жағдайда мен де жақсы сезімдер мектебінен өткенім үшін бақытты болдым» деп жазған.
1952-1958 жж - «Казглавместнабсбыт» Алматы базасының экономисі. 1957 жылы сәуірде КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы үкімді бұзып, Әшімбаевты ақтап шықты. Қылмыстың айғағы болмағандықтан іс тоқтатылды.
1958 - 1995 жж – Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтының кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, басшы, директордың орынбасарыь(1973 жылдан), директор (1974-1988), директордың кеңесшісі, құрметті директоры.
Марапаттары:
2-дәрежелі Отан соғысы ордені
Қызыл Жұлдыз ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
Халықтар достығы ордені
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Ш. Уәлиханов атындағы Қазақстан Ғылым академиясы сыйлығының лауреаты.