Республикалық биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты QazCOVID-in клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтіп жатқанын хабарлады. Оны маусым айында толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстан билігі осы жылдың сәуір айында QazCOVID-in жергілікті коронавирустық вакцинасын жаппай өндіруді бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне осы препарат жасалған республиканың биологиялық қауіпсіздігі проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) хабарлады.

«Вакцинаны жаппай өндіу сәуір айында басталады деп жоспарланған. Өндірістің көлемі мен орнын қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті органы анықтайды».

ҒЗИ мәлімдеуінше, вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтіп жатыр, оны ағымдағы жылдың маусым айында толық аяқтау жоспарланып отыр. «Клиникалық сынақтарда вакцина жоғары қауіпсіздікті және иммуногендікті көрсетті. Дұрыс қолдану барысында ол барлық вакциналанған қатысушылардың иммунитетін қалыптастырады», – деп атап өтті ғылыми-зерттеу институты QazCOVID-дің алғашқы екі кезеңінің нәтижелеріне сілтеме жасап.

Зерттеудің үшінші кезеңі аясында 2020 жылдың желтоқсанында және осы жылдың қаңтарында 3 мың ерікті вакцина алды. Олардан ешқандай теріс реакциялар анықталған жоқ.
«Вакцинаның үшінші кезеңінің клиникалық сынақтары және еріктілерді таңдау Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттама бойынша жүргізілді. Қабылданған ережелерге сәйкес, еріктілер марапатталды. Вакцинациядан кейін вакцина салдырғандарға байланысты ешқандай жағымсыз жағдайлар болған жоқ», – дейді институт өкілдері.

Инактивті вакцина

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен мамандары QazCOVID-in инактивтелген қазақстандық вакцинасын жасау бойынша жұмыс жасады. Олардың жұмысы басқа патогенді құс тұмауы мен шошқа тұмауына қоса, басқа ауруларға қарсы вакциналар жасау тәжірибесіне негізделген. Шетелдік мамандар вакцинаны жасауға қатысқан жоқ.

«Отандық технологияда Қазақстан аумағында оқшауланған, инактивтелген вирусты қолданады. Вирустың бүтіндігін әрі жойылғанын ескерсек, вакцинаның иммуногені жеткілікті және қауіпсіздігі жоғары. Ресейлік Sputnik V вакцинасында генетикалыцқ ауданы бар коронавирустық инфекция вирусының тірі аденовирусы тасымалдаушы ретінде қолданылады», – деп түсіндірді ҒЗИ қазақстандық және ресейлік вакциналардың коронавирустық айырмашылығы туралы сұраққа жауап бере отырып.


ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствосының осы жылдың сәуір айында жергілікті коронавирустық вакцинамен вакцинациялауды бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұған дейін ол алдын-ала мәліметтер бойынша препараттың тиімділігі 90% -дан асқанын айтқан.


Истоник: https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/172438?lang=ru