Мировая наука

Минералды және биологиялық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану технологиясын жасау

25.12.2024

411

Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы табиғи құнарлылығы төмен топырақтарда агрофитоценоздардың тұрақты өнімділігін қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығының деңгейін арттыратын және азот оксидінің тікелей шығарындыларын азайтатын минералды және биологиялық тыңайтқыштарды енгізу бойынша ғылыми жұмыстар жүргізуде. 

Жобаны қолға алудағы басты мақсат топырақ құнарлығын сақтау кезінде тыңайтқыштарды қолдану арқылы егістік дақылдарының өнімділігін бақылау әдістерін әзірлеу және әртүрлі агрофитоценоздарда топырақтан азот оксидінің шығарылуын бағалау болып табылады.  

Зерттеу барысында ғалымдар контурлық картограммаларды құрастыра отырып және тыңайтқыштарды сараланған енгізу нормаларын белгілей отырып, макроэлементтермен қамтамасыз етілуі бойынша топырақтың бастапқы деректерін анықтайды. 

Сонымен қатар морфофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тыңайтқыш беру нормаларына, мерзімдері мен әдістеріне далалық дақылдардың реакциясын зерттейді. Тыңайтқыштар мен өсірілетін дақылдарға байланысты топырақтың құнарлылық көрсеткіштерінің (гумус, биологиялық белсенділік, макроэлементтер) өзгеру динамикасы да зерттеледі. 

Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық басымдықтарымен тығыз  байланысты деп отыр ғалымдар. Себебі, тыңайтқыштарды қолдану арқылы бір мезгілде топырақ құнарлығын арттыру және қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайту арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көбейтуді қамтамасыз етуге болады.  

Зерттеудің жаңалығы ретінде азот тотығының жиынтық эмиссиясына тыңайтқыштардың қатысу үлесін анықтай отырып, өсімдік өнімділігін арттыру мақсатында органогенез кезеңдері бойынша тыңайтқыштарды қолдануды саралау туралы шешім қабылдауды негізге ала отыр, өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру бойынша жаңа білім алуға болатынын айтуға болады. Бұл агрохимия, топырақтану және ауыл шаруашылығы мен экологияның дамуына үлес қосады, дейді Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Раушан Рамазанова.  

Жобаны іске асыруда Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суару жағдайында егістік дақылдарына тыңайтқыштарды пайдаланудың олардың өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің физиологиялық күйі мен топырақтағы азот оксиді өндірісінің белсенділігі арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған түбегейлі жаңа көзқарасты әзірлеу үшін нақты алғышарттарды қамтамасыз ететінін айта кеткен жөн.   







  
«« | »»
Последние новости